«Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-нің 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есебі
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен (ҚР ЦДИАӨМ-нің 2021 жылғы 25 қарашадағы №407/НҚ бұйрығының редакциясында ҚРӘМ тіркелген) мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар мен оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер Тізбесі бекітілген.
Қазақстан Республикасының спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген, 2014 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде №9675 болып тіркелген спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру қағидаларына сәйкес, «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2025 жылғы қаңтар–желтоқсан айлары аралығында «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ тарапынан спорттық разрядтар мен біліктілік санаттарын беру бойынша 167 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдер разряды спортшысы, 2-жасөспірімдер разряды спортшысы, 3-жасөспірімдер разряды спортшысы, сондай-ақ екінші санатты орта біліктілік деңгейіндегі жаттықтырушы, екінші санатты жоғары біліктілік деңгейіндегі жаттықтырушы-оқытушы және спорт төрешісі. Оның ішінде:
2-разрядты спортшы – 28;
3-разрядты спортшы – 22;
1-жасөспірімдер разряды – 15; 2-жасөспірімдер разряды – 47; 3-жасөспірімдер разряды – 49; Екінші санатты жоғары біліктілік деңгейіндегі жаттықтырушы – 1;
Екінші санатты жоғары біліктілік деңгейіндегі жаттықтырушы-оқытушы – 1; Екінші санатты орта біліктілік деңгейіндегі жаттықтырушы-оқытушы – 2;
Екінші санатты жоғары біліктілік деңгейіндегі әдіскер – 1;
спорт төрешісі – 1.
Олимпиадалық, Паралимпиадалық және Сурдлимпиадалық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру және оны пайдалану бойынша 2025 жылы мемлекеттік қызмет көрсетілмеді.
2025 жыл ішінде мемлекеттік мекеме тарапынан спорт саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу тәртібімен қызмет алушыларды таныстыру мақсатында түсіндіру іс-шаралары, әлеуметтік желілерде тікелей эфирлер өткізілді.