«Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ 2025 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес жергілікті атқарушы органдар және оларға ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі бекітілген.
«Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі» ММ (бұдан әрі – Бөлім) келесі мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді:
2025 жылы мемлекеттік органмен барлығы 2324 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгені – 104.
Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 104.
Электрондық түрде көрсетілгені – 2220.
Оның ішінде:
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілгені – 754.
- Қазақстан Республикасы аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру – 754.
«Е-лицензиялау» МДБ арқылы электрондық түрде көрсетілгені – 269.
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Объектілерді кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру – 178;
ААЖ МҚК Мемлекеттік қала құрылысы кадастрының геоақпараттық порталы арқылы электрондық түрде көрсетілгені – 788.
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну – 418;
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу – 370.
БЖКН арқылы электрондық түрде көрсетілгені – 409.
- Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтарды алу – 409.
Сәулет және құрылыс саласындағы қызметтер бұрынғысынша сұранысқа ие болып отыр.
2025 жыл ішінде қызмет көрсетушілер тарапынан мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу тәртібі туралы ақпараттандыру мақсатында түсіндіру іс-шаралары, тікелей эфирлер, әлеуметтік желілерде онлайн мемлекеттік қызметтер жәрмеңкелері өткізілді.