Риддер қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының 2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2026 жылғы 13 наурыздағы № 145/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ЖАО, ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді. Риддер қаласының жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік қызметтердің 67 түрін және 119 кіші түрін көрсетеді. Барлығы үшін нормативтік-құқықтық актілер (мемлекеттік қызмет көрсету ережелері) бар.
2025 жылы Риддер қаласының мемлекеттік органдарымен барлығы 5818 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке – 5193, заңды – 625).
Оның ішінде:
Көрсетілетін қызметті берушілер кеңсе арқылы (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен: 25 (жеке – 13, заңды – 12).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау-25.
Көрсетілетін қызметті берушілер балама негізде қағаз нысанда кеңсе арқылы көрсеткен, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін: 65 (жеке – 52, заңды – 13).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру – 4;
– Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату-7;
- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту-54.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген: 691 (жеке – 690, заңды-1).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу-67;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру – 131;
- Спорттық разрядтар беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттарын беру: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер,- біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты спортшы, спорт төрешісі – 165;
– Еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру және ұзарту-316;
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру-12.
Электрондық түрде көрсетілген: 5037 (жеке – 4438, заңды – 599).
Оның ішінде:
Электрондық түрде «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген - 1842 (жеке – 1727, заңды – 115).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу-4;
- Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау – 192;
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау-1;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру – 19;
- Мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу-7;
- Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу-3;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу-1;
- Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу-1;
- Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу-6;
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну-405;
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы-43;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру – 123;
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу – 357;
- Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы немесе бөліп-бөліп сату-2;
- Жер учаскесін алуға кезекке қою-95;
- Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу-173;
- Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою-400;
- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру -1;
– Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу-9.
«Е-Лицензиялау» МДҚ арқылы электронды түрде көрсетілген - 2167 (жеке – 1683, заңды – 484).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналарын және механизмдерін, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәлiктер беру -214;
- Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгі беру -315;
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу -177;
- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту-748;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру-74;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу – 181;
- Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау – 195;
- Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру – 172;
- Шақыруды кейінге қалдыру -86;
– Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару-5.
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz), оның ішінде қызмет түрлері бойынша – 1487 (жеке – 1487, заңды – 0).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу-356;
- Жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге қатысуға жолдама беру-842;
- Жұмыссыздарды тіркеу-289.
Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және ақпараттық жүйеге өтінімді қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz), оның ішінде қызмет түрлері бойынша – 1028 (жеке – 1028, заңды – 0).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау – 152;
- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру – 2;
-Мүгедектерді протездік – ортопедиялық көмекпен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу-232;
- Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу-357;
- Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу -4;
- Мүгедектерді есту бойынша мүгедектерге жестау тілі маманының қызметімен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу - жылына алпыс сағат-1;
- Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету үшін құжаттарды ресімдеу-33;
- Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу-40;
- Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін құжаттарды ресімдеу-90;
- Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамның мүлкіне билік ету, шотына түскен зейнетақыларды, жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алу бойынша және соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған азаматтардың мүлкін иеліктен шығаруға рұқсат беру -33;
– Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу-84.
Ең сұранысқа ие болып әлі күнге дейін жұмыспен қамту, жерді пайдалану және сәулет саласындағы қызметтер табылады.
2025 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бақылау іс-шараларын өткізу жоспарына сәйкес әкім аппаратының бас инспекторы 4 тексеру жүргізді.
2025 жыл ішінде көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету және алу туралы таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерде түсіндіру іс-шараларын, тікелей эфирлерді, мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкелерін өткізді.