2026 жылғы 1 наурызға арналған бюджеттің атқарылуы

2026 жылғы 1 наурызға арналған бюджеттің атқарылуы

 

         Қала бюджетінің көлемі 2026 жылға 10 614 723 мың теңгені құрайды.

         2026 жылғы қаңтар-ақпанға кірістер бойынша болжам 95,4% орындалды, жоспар бойынша 1 319 842 мың теңге, нақты 1 258 779,4 мың теңге түсті, орындамау 61 062,6 мың теңгеге. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер Риддер Полиметалл ЖШС ірі салық төлеушілер қатарына өтуіне және әлеуметтік салық бойынша табысты бөлу нормативін белгілеуге байланысты  1 294 786,6 мың теңгеге немесе 50,7% азайды.

         Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 95,3% орындалды. Жоспар бойынша 1 289 145 мың. теңге, нақты 1 228 082,4 мың теңге түсті.               2025 жылға түсімдер 49,6% немесе 1 209 874,6 мың. теңгеге төмендеді.

         Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

         - салықтық түсімдер бойынша орындалу 92,8%, болжам бойынша    1 277 406 мың теңге, 1 184 904,8 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда төмендеу қарқыны 50,4% құрады;

         - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 15 523,3 мың теңгені құрады, болжам бойынша 6 364 мың теңге, 21 887,3 мың теңге түсті.                        2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 3 842 мың теңгеге немесе 14,9% төмендеді.

         - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 15 915,2 мың теңгені құрады. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер                  1536,9 мың теңгеге немесе 6,7% төмендеді.

         Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.03.2026 жылға 98% құрайды (жоспар – 588981,0 мың теңге, кассалық шығыстар – 577236,7 мың теңге). 01.03.2026 ж. қалдықтар – 11744,3 мың теңге (ОБ- 11068,3 мың теңге, ҚБ-676,0 мың теңге), оның ішінде:

- 11068 мың теңге – жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша шарттар жасасудың ұзақ рәсімдері (ОБ);

- 676,3 мың теңге - басқа да қалдықтар: ЕБҚ бойынша үнемдеу, аз сомаға актілер, алушылар санының азаюы, тауар жеткізілмегендігі, ББӘ барлық бағдарламалары бойынша дөңгелектеу есебінен және т.б.

Дата публикации
11 марта 2026