2026 жылғы 1 ақпанға арналған бюджеттің атқарылуы

2026 жылғы 1 ақпанға арналған бюджеттің атқарылуы

 

         Қала бюджетінің көлемі 2026 жылға 9 914 723 мың теңгені құрайды.

         2026 жылғы қаңтарға кірістер бойынша болжам 121,6% орындалды, жоспар бойынша 311 291 мың теңге, нақты 378 470,1 мың теңге түсті, асыра орындау 67 179,1 мың теңгеге. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер Риддер Полиметалл ЖШС ірі салық төлеушілер қатарына өтуіне және әлеуметтік салық бойынша табысты бөлу нормативін белгілеуге байланысты  694 156,6 мың теңгеге немесе 64,7% азайды.

         Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 121,6% орындалды. Жоспар бойынша 311 291 мың. теңге, нақты 378 376,5 мың теңге түсті.               2025 жылға түсімдер 64,7% немесе 694 250,2 мың. теңгеге төмендеді.

         Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

         - салықтық түсімдер бойынша орындалу 117,5%, болжам бойынша    308 388 мың теңге, 362 342,8 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда төмендеу қарқыны 65,7% құрады;

         - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 4 381,6 мың теңгені құрады, болжам бойынша 2 028 мың теңге, 6 409,6 мың теңге түсті.                        2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 326 мың теңгеге немесе 4,8% төмендеді.

         - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 8 749,1 мың теңгені құрады. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер                  1 029,6 мың теңгеге немесе 10,7% ұлғайды.

         Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.02.2026 жылға 99,9% құрайды (жоспар – 111 291 мың теңге, кассалық шығыстар – 111 057,6  мың теңге). 01.02.2026 ж. қалдықтар – 233,4 мың теңге (ҚБ), оның ішінде:

- 154,1 мың теңге – ЕТҚ бойынша үнем;

- 44 мың теңге – жәрдемақыларды жеткізу жөніндегі қызметтерге ақы төлегені үшін қазынашылыққа ақы төлеуге шоттарды кеш беру;

- 35,3 мың теңге - басқа да қалдықтар: аз сомаға актілер, дөңгелектеу есебінен және т.б.

Дата публикации
25 февраля 2026