Проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі Риддер қаласы әкімінің 2025 жылғы халықпен кездесулерінің қорытындысы бойынша іс-қимыл жоспары

Проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі

Риддер қаласы әкімінің 2025 жылғы халықпен кездесулерінің қорытындысы бойынша

 іс-қимыл жоспары

 

№

Мәселе

Шешу кезеңі

Жауапты орындаушы

 

Орындалуы

1

Әуезов көшесіндегі жөндеу жұмыстарынан кейін тротуарды қалпына келтіру мәселесін шешу

 

01.07.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды : Тротуар қалпына келтірілді.

2

«Огонек» ауданында кәуап дайындау кезінде өртке қарсы ережелердің сақталуын тексеру.

29.07.2025

ТЖ басқармасы

Орындалды:

Риддер қаласы ТЖБ қызметкерлері аталған «Огонек» ауданында рейдтік іс-шаралар өткізді. Кіре берісте көзделмеген жерлерде ашық от жағуға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде жадынамалар табыс етілді.

3

«Үлбі» а/о жол белгісін орнатуға қаражат қарастырылсын және көрсеткіш орнатылсын.

 

11.08.2025

ТКШ,

ЭжҚБ

01.11.2025 ж. дейінгі мерзімде жол белгісі-көрсеткіш орнатылады.

4

Заводская көшесі, Заводская тұйық көшесі, Шоссейная көшесіне сумен жабдықтау жүйесін салуға ЖСҚ әзірлеуге қаражат бөлу

 

01.08.2025

ТКШ,

ЭжҚБ

2026 жылға бюджеттік өтінім жолданды, алдын ала мақұлданды (9 млн. теңге).

5

М. Горький атындағы мектептің жанында шырша кесу мәселесін орман шаруашылығымен пысықтау

 

21.07.2025

ТКШ,

 

Мектептің жанында шырша кесу мәселесі орман шаруашылығымен пысықталуда.

6

4 ауданды жарықтандыруға қаражат бөлінсін

01.08.2025

ТКШ,

ЭжҚБ

Орындалды

Дрейман көшесі 18, 20, Гэсовская көшесі 10,12 көше шамдарын ауыстыру жұмыстары орындалды. Үш жарық нүктесі 100 Вт жарықдиодты шамдарға ауыстырылды. Дрейман көшесінде № 14 үй де жарық диодты шамға ауыстырылды.

7

4 ауданда БӨП оң жақ артындағы бұталарды кесу.

 

01.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды:  Ағаштарды санитарлық кесу орындалды.

8

Бутаково ауылындағы темір жол бойындағы арықты тексеру, оны тазартуға есеп ұсыну, су тасқынына қарсы іс-шараларды орындау.

 

30.08.2025

Аппарат, ТЖ Басқармасы

Бутаково ауылында арықты тексеру жүргізілді, су тасқынына қарсы іс-шараларға 2026 жылға 44 млн.теңге қарастырылды.

9

Дорожная көшесі бойынша су өткізу құбырын тазалау жұмыстарын жүргізу

 

01.08.2025

ТКШ бөлімі

2026 жылдың көктемгі кезеңінде су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу шеңберінде орындалатын болады.

10

Поперечное ауылында көше жарығының 24 жарық нүктесін орнату.

 

31.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды:  23 сыртқы жарықтандыру шамдары орнатылды.

11

Ағымдағы жылы Верхняя Хариузовка ауылында жол белгілерін орнатуға және футбол алаңын жөндеуге қаражат көзделсін.

 

01.08.2025

ТКШ,

ЭжҚБ

2026 жылға енгізілген.

12

Совхозный шағынауданы, 7, 6, 9, 11 көшелеріндегі тұрғын үйлерден күлдерді шығару.

 

01.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды: «Эталон» фирмасы» ЖШС Совхоз шағын ауданындағы тұрғын үйлерден күлдер шығарылды.

13

Лениногорский лесхоз ауылындағы Тихая көшесіндегі жолды грейдерлеу.

 

04.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды.

14

Лениногорский лесхоз ауылындағы Тихая көшесі бойынша электр желісінің қолданыстағы тіректеріне жарық орнату.

 

30.09.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды: қолданыстағы электр желілерінің тіректеріне 22 жарық орнатылды.

15

Ульбастрой ауылындағы Лесная көшесі бойынша жылдамдықты шектеу белгілерін орнату.

 

29.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды: 60 км жылдамдықты шектеу белгісі орнатылды.

16

Сосновая 12а к-сі бойынша КЖЖ сумен жабдықтау жөнінде шаралар қабылдау.

 

04.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды: үй тұрғындарына көмек көрсетілді, техника, экскаватор, сумен жабдықтау қалпына келтірілді.

17

«ОРРМИК» РММ басшылығымен жол оқиғаларын болдырмау үшін жалпыға ортақ пайдаланылатын жолда шаңғы роликтерінде жаттығулар өткізуге жол бермеу туралы пысықтау.

 

04.08.2025

ІСТДМжСБ

Орындалды: «ОРРМИК» РММ басшылығымен пысықталды, жаттығулар жаттықтырушылардың бақылауымен және сүйемелдеуімен өткізіледі.

18

Коноваловка ауылындағы зиратқа жерлеуге жол бермеу туралы салттық қызмет көрсететін кәсіпкерлермен жұмыс істеу.

04.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды: 2025 жылғы 31 шілдеде Риддер қаласы әкімінің орынбасары Қ.Қ. Төлеухан  қайтыс болғандарды жерлеу бойынша салттық қызмет көрсететін кәсіпорындармен кеңес өткізді, онда Коноваловка ауылындағы зираттың жерлеу үшін жабық екендігі туралы хабарланды және абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік туралы ескертілді.

19

Коноваловка ауылындағы интернетпен қамту аймағы бойынша ұялы операторлармен жұмыс істеу.

 

11.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды: бүгінгі күні ауылда ұялы байланыс пен интернетке қолжетімділік бар.

20

Ливино а. жиі қысқа тұйықталуға  көше жарықтандыру желілерін тексеру .

 

29.08.2025

ТКШ бөлімі

Орындалды: Тексеру  жүргізілді. Ақаулар жойылды.

21

Мемлекеттік тілде оқытатын мектеп құрылысын бақылауға алу.

30.12.2025

АҚ жҚ

2024 жылы Риддер қаласында 5 шағын ауданда (12а уч.) 600 оқушыға арналған жалпы білім беретін мектептің құрылысы басталды, құрылысты аяқтау 2026 жылдың шілдесіне жоспарланған. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары толық жүргізілуде, атап айтқанда, негізгі қоршау конструкцияларына бетон құю жүргізілуде, содан кейін қабырғаларға кірпіш қалау жүргізіледі. Ағымдағы жылы мектепті сыртқы инженерлік желілермен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен 341,5 млн.теңге бөлінді.

 

Әкім аппараты басшысының м. а.                                                                                                  Е. Мухаметказин

 

 

 

 

Дата публикации
05 января 2026