2025 жылы Риддер қаласы әкімінің кездесулері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерінің орындалу барысы туралы

 

 

2025 жылы Риддер қаласы әкімінің кездесулері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерінің орындалу барысы туралы

                                                        АҚПАРАТ

 

2025 жылдың қорытындысы бойынша халықпен 22 кездесу өткізілді, барлығы 881 адам қатысты. Барлық кездесулер офлайн форматта өткізілді.

Есепті кездесулер барысында көптеген сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Жергілікті деңгейде түсіндіру және жедел шаралар қабылдау жолымен шешілетін «тұрмыстық және күнделікті» проблемалармен (аумақтарды абаттандыру, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық тәртіп) қатар, халық республикалық деңгейде шешуді талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты неғұрлым жүйелі (ауылдарда интернет жүргізу, сумен жабдықтау, аурухана салу) сипаттағы мәселелерді көтереді.

Негізгі тақырыптарға абаттандыру (44,5%), сумен жабдықтау, электрлендіру, газдандыру (29,6%), жолдарды жөндеу және салу (3,7%), білім беру объектілерін жөндеу және салу (3,7%) және басқалар (18,5%) мәселелері жатады.

2025 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша келесі мәселелер шешілді:

- Әуезов көшесіндегі тротуар қалпына келтірілді;

- 4 ауданда ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу орындалды;

- Дрейман көшесі,14, 2 кіреберістегі газ құбыры бөлшектелді;

- Дрейман көшесі 18, 20, Гэсовская көшесі 10, 12 көше шамдарын ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды, қуаты 100 Вт жарықдиодты шамдарға үш жарық нүктесі ауыстырылды;

- Бутаково ауылындағы Луговая көшесі бойынша көше жарығын ішінара орнату орындалды;

- М. Горький атындағы мектеп аумағында мектеп терезелерін көлеңкелеген шыршалар кесілді;

- Совхоз шағын ауданындағы тұрғын үйлерден күл шығарылды;

- Поперечное ауылында көше жарығы орнатылды;

- Поперечное ауылына ҚТҚ шығару ұйымдастырылды (34 шарт жасалды);

- Пригородное ауылының Совхоз шағын ауданында көше жарығы шамын ауыстыру жүргізілді;

- қолданыстағы ЭЖ тіректеріне көше жарығы орнатылды және Лениногорский лесхоз ауылындағы Тихая көшесіндегі  жолдарға грейдерлеу жұмыстары жүргізілді.;

- Лесное ауылындағы Сосновая көшесі, 12а бойынша сумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін техника, экскаватор берілді;

-Ливино ауылындағы көше жарықтандыру желілеріне тексеру жүргізілді, ақаулар жойылды;

- Поперечное ауылында спутниктік интернет орнатылған. Бұрын ауылда интернетке қол жетімділік болмаған. Желіні қамту радиусы 100 метрді құрайды, бұл ауыл тұрғындарына әлеуметтік желілер мен интернет - ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді.

Халықпен кездесулерде көтерілген мәселелерді шешу тиісті қаржыландыру болған жағдайда 2026 жылы жалғастырылатын болады. Заводская көшесі, Заводская тұйық көшесі, Шоссейная көшесі бойынша сумен жабдықтау жүйесінің құрылысына ЖСҚ әзірлеу қажет, су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу шеңберінде көктемгі кезеңде Бутаково ауылындағы Дорожная көшесі бойынша темір жол желісі мен су өткізу құбырының бойындағы арықты тазарту жұмыстары жүргізілетін болады.

Қала тұрғындарынан кездесулер барысында келіп түскен ұсыныстардың, ескертулердің орындалуы тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 января 2026