2025 жылғы 1 желтоқсанға арналған бюджеттің атқарылуы

2025 жылғы 1 желтоқсанға арналған бюджеттің атқарылуы

 

         Қала бюджетінің көлемі 2025 жылға 14 615 008 мың теңгені құрайды.

         2025 жылғы қаңтар-қарашаға кірістер бойынша болжам 101,03%, жоспар бойынша 12 924 534,2 мың теңге, нақты 13 057 233,2 мың теңге түсті, асыра орындау 132 699 мың теңгеге орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түсімінің азаюына байланысты 4 653 026,9 мың теңгеге азайды.

         Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 103,12% орындалды. Жоспар бойынша 9 842 428,2 мың. теңге, нақты 10 149 333,2 мың теңге түсті. 2024 жылға қарағанда түсімдер 120,3 % немесе 1 712 265,2 мың теңгеге ұлғайды.

         Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

         - салықтық түсімдер бойынша орындалу 102,8%, болжам бойынша    9 666 712,2 мың теңге, 9 936 522,9 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 119,5% құрады;   

         - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 2 369,2 мың теңгені құрады, болжам бойынша 65 916,0 мың теңге, 68 285,2 мың теңге түсті.                 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер 30 555,3 мың теңгеге немесе 81% ұлғайды.

         - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 34 725,0 мың теңгені құрады. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер                  61 267,7 мың теңгеге немесе 73,6% ұлғайды.  

         Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.12.2025 жылға 93,3 % құрайды (жоспар – 7 423 339,2 мың теңге, кассалық шығыстар – 6 923 124,4 мың теңге). 01.12.2025 жылға қалдықтар – 500 214,8 мың теңге (РБ – 174 207,4 мың теңге, ОБ – 320 533,4 мың теңге, ҚБ – 5 474,0 мың теңге), оның ішінде:

- 320 532 мың теңге – тұрғын үймен қамтамасыз ету (трансферттер түскен жоқ, ОБ);

- 174 206  мың теңге – Громатуха өзені арқылы өтетін автожол көпірін реконструкциялау (трансферттер түскен жоқ, РБ);

- 1,4 мың теңге  – азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (қаражатты қайтаруға байланысты, ОБ);

- 5239 мың теңге – «Жылумен жабдықтау желілерін реконструкциялау бойынша ЖСҚ әзірлеу» жобасы бойынша коммуналдық шаруашылықты дамыту (конкурс өткізілмеді, сессия бойынша алып тастау көзделді, ЖБ);

- 236,4 мың теңге - өзге де қалдықтар: ЕТҚ, тауарларды сатып алу, іссапарлар, күрделі шығыстар, салықтар және ББӘ (ЖБ) барлық бағдарламалары бойынша дөңгелектеу есебінен.

 

Дата публикации
04 декабря 2025