«Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»
Риддер қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 6 желтоқсандағы № 1119 қаулысына өзгерту енгізу туралы
Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Риддер қаласына бірыңғай сәулеттік келбет беруге бағытталған, көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын реконструкциялау, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу қағидалары осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
Риддер қаласының әкімі Д. Рахметкалиев