ЖОБА
Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Риддер қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Риддер қалалық мәслихатының төрағасы Е. Нужных
Риддер қалалық мәслихатының
«_____» ________ 2025 жыл № _______ - VIII шешіміне қосымша
- Риддер қалалық мәслихатының 2018 жылғы 12 наурыздағы № 19/17-VI «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5558 болып тіркелген).
- Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7964 болып тіркелген).
- Риддер қалалық мәслихатының 2022 жылғы 31 тамыздағы №17/2-VII «Риддер қалалық мәслихатының 2020 жылғы 30 қарашадағы № 49/5-VI «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №29415 болып тіркелген).