2025 жылғы 1 қарашаға арналған бюджеттің атқарылуы

2025 жылғы 1 қарашаға арналған бюджеттің атқарылуы

 

         Қала бюджетінің көлемі 2025 жылға 14 499 717,6 мың теңгені құрайды.

         2025 жылғы қаңтар-қазанға кірістер бойынша болжам 99,6%, жоспар бойынша 10 726 295,8 мың теңге, нақты 10 679 984,3 мың теңге түсті, асыра орындау 46 311,5 мың теңгеге орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түсімінің азаюына байланысты 5 940 737,9 мың теңгеге азайды.

         Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 103,9% орындалды. Жоспар бойынша 8 689 671,2 мың. теңге, нақты 9 032 592,3 мың теңге түсті. 2024 жылға қарағанда түсімдер 119,8% немесе 1 492 810 мың теңгеге ұлғайды.

         Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

         - салықтық түсімдер бойынша орындалу 103,5%, болжам бойынша    8 545 510,2 мың теңге, 8 847 127,2 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 119,1% құрады;   

         - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 2 237,3 мың теңгені құрады, болжам бойынша 60 861,0 мың теңге, 63 098,3 мың теңге түсті.            2024 жылмен салыстырғанда түсімдер 28 886,5 мың теңгеге немесе 84,4% ұлғайды.

         - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 39 066,8 мың теңгені құрады. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер                  43 106,6 мың теңгеге немесе 54.4% ұлғайды.  

         Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.11.2025 жылға 92,5 % құрайды (жоспар – 5 974 429,2 мың теңге, кассалық шығыстар – 5 528 498,6 мың теңге). 01.11.2025 жылға қалдықтар – 445 930,6 мың теңге (РБ – 386 777,2 мың теңге, ОБ – 49 732,9 мың теңге, ҚБ – 9 420,5 мың теңге), оның ішінде:

- 120857 мың теңге - тұрғын үймен қамтамасыз ету (трансферттер түскен жоқ, РБ және ОБ);

- 199556 мың теңге - Тәуелсіздік даңғылын реконструкциялау (трансферттер түскен жоқ, РБ);

- 116000 мың теңге - Громатуха өзені арқылы өтетін автожол көпірін қайта жаңарту (трансферттер түскен жоқ, РБ);

- 93,8 мың теңге  - азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (қаражатты қайтаруға байланысты);

- 5368,5 мың теңге - елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру (орындалған жұмыстардың актілері жоқ, ЖБ);

- 975,2 мың  теңге - елді мекендерде санитарияны қамтамасыз ету (орындалған жұмыстардың актілері жоқ, ЖБ);

- 980,0 мың теңге - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету (орындалған жұмыстардың актілері жоқ, ЖБ);

- 779,9 мың теңге - жастар саясаты саласында іске асыру (орындалған жұмыстар актілерін кеш ұсынуға байланысты, ЖБ);

- 458,6 мың теңге - мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту (жалақы бойынша үнемдеу, ЖБ).

- 861,6 мың теңге - өзге де қалдықтар: ЕТҚ, тауарларды сатып алу, іссапарлар, күрделі шығыстар, салықтар және ББӘ (ЖБ) барлық бағдарламалары бойынша дөңгелектеу есебінен.

 

Дата публикации
11 ноября 2025