ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Риддер қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №13/7-VIII «Риддер қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Риддер қалалық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №13/7-VIII «Риддер қаласында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №195360 болып тіркелген).
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады
Риддер қалалық
мәслихат төрағасы Е. Нужных