ШЕШІМ ЖОБАСЫ
Риддер қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған кезде салық мөлшерлемесінің төмендетілуі туралы
Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 726-бабына сәйкес Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
- Риддер қаласында оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданған жағдайда, төлем көзінен ұсталатын салықтардан басқа, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесін салық кезеңінде алынған (алынуға жататын) кірістерге қатысты 4 (төрт) пайыздан 2 (екі) пайызға дейін төмендету.
- Осы шешім 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Риддер қалалық
мәслихат төрағасы Е. Нужных