2025 жылы Риддер қаласы әкімінің кездесулері барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерінің орындалу барысы туралы, АҚПАРАТ

 

2025 жылы Риддер қаласы әкімінің кездесулері барысында айтылған

халықтың ұсыныстары мен ескертулерінің орындалу барысы туралы,

АҚПАРАТ

 

2025 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша тұрғындармен 11 кездесу өткізілді, барлығы 462 адам қатысты. Барлық кездесулер офлайн форматта өткізілді.

Есепті кездесулер барысында көптеген сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Жергілікті деңгейде түсіндіру және жедел шаралар қабылдау арқылы шешілетін «тұрмыстық және күнделікті» проблемалармен (аумақтарды абаттандыру, жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, қоғамдық тәртіп) қатар, халық республикалық деңгейде шешуді талап ететін, оның ішінде республикалық бюджеттен қаражат бөлуге байланысты неғұрлым жүйелі сипаттағы мәселелерді  (ауылдарда интернет тарту, сумен жабдықтау, аурухана салу) көтереді.

Негізгі тақырыптарға абаттандыру (35,7%), сумен жабдықтау, электрлендіру, газдандыру (28,6%), жолдарды жөндеу және салу (7,1%) және басқалары (28,6%) жатады.

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша келесі мәселелер шешілді:

- 4 ауданда ағаштар мен бұталарды санитарлық кесу орындалды;

- Дрейман көшесі,14, 2 кіреберістегі газ құбыры бөлшектелді;

- Дрейман көшесі 18,20, Гэсовская көшесі 10,12 көше шамдарын ауыстыру бойынша жұмыстар орындалды, қуаты 100 Вт жарықдиодты шамдарға үш жарық нүктесі ауыстырылды;

- Бутаково ауылындағы Луговая көшесі бойынша көше жарығын ішінара орнату орындалды;

- Поперечное ауылында көше жарығы орнатылды;

- Поперечное ауылынан ҚТҚ шығару ұйымдастырылды (34 шарт жасалды);

- Пригородное ауылының Совхоз шағын ауданында көше жарығы шамын ауыстыру жүргізілді;

- Лениногорск лесхоз ауылындағы Тихая көшесіндегі қолданыстағы ЭБЖ тіректеріне көше жарығы орнатылды;

- Лесное ауылындағы Сосновая көшесі, 12а бойынша сумен жабдықтауды қалпына келтіру үшін техника, экскаватор берілді;

-Ливино ауылындағы көше жарықтандыру желілеріне тексеру жүргізілді, ақаулар жойылды.

Қала тұрғындарынан беру кездесулері барысында келіп түскен ұсыныстардың, ескертулердің орындалуы тұрақты бақылауда.

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 октября 2025