2025 жылғы 1 қазанға арналған бюджеттің атқарылуы

2025 жылғы 1 қазанға арналған бюджеттің атқарылуы

 

          Қала бюджетінің көлемі 2025 жылға 14 029 717,6 мың теңгені құрайды.

          2025 жылғы қаңтар-тқыркүйекке кірістер бойынша болжам 100,2%, жоспар бойынша 9 734 486,2 мың теңге, нақты 9 750 308,9 мың теңге түсті, асыра орындау 15822,7 мың теңгеге орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түсімінің 3 774 447,8 мың теңгеге азаюына байланысты 2 560 758,8 мың теңгеге азайды.

          Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 103,6% орындалды. Жоспар бойынша 8 014 504,2 мың. теңге, нақты 8 306 246,9 мың теңге түсті. 2024 жылға қарағанда түсімдер 117,1% немесе 1 213 689 мың теңгеге ұлғайды.

          Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

          - салықтық түсімдер бойынша орындалу 103,4%, болжам бойынша    7 872 714,2 мың теңге, 8 141 070,3 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 116,7% құрады;   

          - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 2 194,3 мың теңгені құрады, болжам бойынша 59 490 мың теңге, 61 684,3 мың теңге түсті. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер 29 182,3 мың теңгеге немесе 90% ұлғайды.

          - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 21 192,3 мың теңгені құрады. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер                  28 201,2 мың теңгеге немесе 37% ұлғайды.  

          Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.10.2025 жылға 92,3 % құрайды (жоспар – 5570428,2 мың теңге, кассалық шығыстар – 5138842,5 мың теңге). 01.10.2025 жылға қалдықтар – 431585,7 мың теңге (РБ – 276525,4 мың теңге, ОБ – 148067,3 мың теңге, ҚБ – 6 993 мың теңге), оның ішінде:

- 49639 мың теңге - тұрғын үймен қамтамасыз ету (дұрыс жасалмаған шарттар, ОБ);

- 217952 мың теңге - Тәуелсіздік даңғылын реконструкциялау (трансферттер түскен жоқ, РБ);

- 58000 мың теңге - Громатуха өзені арқылы өтетін автожол көпірін қайта жаңарту (трансферттер түскен жоқ, РБ);

- 519,2 мың теңге  - санитариялық-курорттық емдеу (алушылар санының азаюы, РБ);

- 37467,9 мың теңге - жолдарды жазғы күтіп ұстау (орындалған жұмыстардың актілері жоқ, РБ);

- 37960,4 мың теңге - 6-ықшамаудандағы 5 қабатты үйдің инженерлік желілерінің құрылысы (трансферттер түскен жоқ, ОБ);

- 29654 мың теңге - елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру (орындалған жұмыстардың актілері жоқ, ОБ және ЖБ);

- 393,2 мың теңге - өзге де қалдықтар: ЕТҚ, тауарларды сатып алу, іссапарлар, күрделі шығыстар, салықтар және ББӘ (ЖБ) барлық бағдарламалары бойынша дөңгелектеу есебінен.

 

Дата публикации
03 октября 2025