2025 жылғы 1 қыркүйекке арналған бюджеттің атқарылуы
Қала бюджетінің көлемі 2025 жылға 14 029 717,6 мың теңгені құрайды.
2025 жылғы қаңтар-тамызға кірістер бойынша болжам 104,7%, жоспар бойынша 8 423 832,2 мың теңге, нақты 8 823 566,6 мың теңге түсті, асыра орындау 399734,4 мың теңгеге орындалды. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер жоғары тұрған бюджеттен трансферттердің азаюына байланысты 2 807 447,8 мың теңгеге азайды.
Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 107,9% орындалды. Жоспар бойынша 7 138 306,2 мың. теңге, нақты 7 701 480,6 мың теңге түсті. 2024 жылға қарағанда түсімдер 115,7% немесе 1 044 437,5 мың теңгеге ұлғайды.
Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:
- салықтық түсімдер бойынша орындалу 106,7%, болжам бойынша 7 080 716,2 мың теңге, 7 555 233,0 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 115,3% құрады;
- салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 30 135,3 мың теңгені құрады, болжам бойынша 29 290 мың теңге, 59 425,3 мың теңге түсті. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер 28 305,6 мың теңгеге немесе екі есеге өсті.
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 58 522,3 мың теңгені құрады. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер 14 276,4 мың теңгеге немесе 19,7% ұлғайды.
Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.09.2025 жылға 94,3% құрайды (жоспар – 4764774,2 мың теңге, кассалық шығыстар – 4494576,3 мың теңге). 01.09.2025 жылға қалдықтар – 270197,9 мың теңге (РБ – 163991,2 мың теңге, ОБ – 105678,2 мың теңге, ҚБ – 528,5 мың теңге), оның ішінде:
- 49639 мың теңге - тұрғын үймен қамтамасыз ету (дұрыс жасалмаған шарттар, ОБ);
- 163472 мың теңге - Тәуелсіздік даңғылын реконструкциялау (оның ішінде 32тг. - дөңгелектеу есебінен қалдық, 163440 м.т.- РБ-дан трансферттер түскен жоқ);
- 585 мың теңге - санитариялық-курорттық емдеу (алушылар санының азаюы);
- 55970,1 мың теңге - 6-ықшамаудандағы 5 қабатты үйдің инженерлік желілерінің құрылысы (орындалған жұмыстар актісі жоқ);
- 528,5 мың теңге - өзге де қалдықтар: ЕТҚ, тауарларды сатып алу, іссапарлар, күрделі шығыстар, салықтар және ББӘ (ЖБ) барлық бағдарламалары бойынша дөңгелектеу есебінен.