2025 жылғы 1 тамызға арналған бюджеттің атқарылуы

2025 жылғы 1 тамызға арналған бюджеттің атқарылуы

 

          Қала бюджетінің көлемі 2025 жылға 13 443 978 мың теңгені құрайды.

          2025 жылғы қаңтар-шілдеге кірістер бойынша болжам 98,9% орындалды, жоспар бойынша 7 381 503,2 мың теңге, нақты 7 302 250,6 мың теңге түсті, асыра орындау 79252,6 мың теңгеге. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер жоғары тұрған бюджеттен трансферттердің түспеуіне байланысты 3 182 927,2 мың теңгеге азайды.

          Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 102,5% орындалды. Жоспар бойынша 6 426 155,2  мың. теңге, нақты 6 586 896,5 мың теңге түсті. 2024 жылға қарағанда түсімдер 117,2% немесе 968 674,5 мың теңгеге ұлғайды.

          Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

          - салықтық түсімдер бойынша орындалу 101%, болжам бойынша    6 391 654,2  мың теңге, 6454 214 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 116,8% құрады; 

          - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 41 795,4 мың теңгені құрады, болжам бойынша 9 701 мың теңге, 51 496,4 мың теңге түсті. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер 22 651,4 мың теңгеге немесе 178,5% өсті.

          - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 56 386,1 мың теңгені құрады. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер                  17 240,5 мың теңгеге немесе 27% ұлғайды.  

          Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.08.2025 жылға 94,2% құрайды (жоспар – 4034247,3 мың теңге, кассалық шығыстар – 3800037,6 мың теңге). 01.08.2025 ж. қалдықтар – 234209,7 мың теңге (РБ – 233100,9 мың теңге, ОБ – 307,9 мың теңге, ҚБ – 800,9 мың теңге), оның ішінде:

- 69139 мың теңге - тұрғын үймен қамтамасыз етуге трансферттер түскен жоқ (РБ);

- 163440 мың теңге - Тәуелсіздік даңғылын (РБ) реконструкциялауға трансферттер түскен жоқ;

- 827,1 мың теңге  -санитарлық-курорттық емдеу (алушылар санының азаюы, РБ және ОБ);

- 136,3 мың теңге - жолдарды жөндеу (орындалған жұмыстардың актілері, ЖБ ұсынылмаған);

- 163,5 мың теңге - байланыс қызметтеріне, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу (төлем шоттары, ЖБ ұсынылмаған);

- 312 мың теңге - басқа қорларды сатып алу (тауарлар түскен жоқ, ЖБ);

- 191,8 мың теңге - басқа қалдықтар: дөңгелектеу есебінен және т. б.

Дата публикации
04 августа 2025