Риддер қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың
2025 жылғы қаңтар-наурыздағы қорытындылары туралы
есеп
Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады.
2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша халық саны 50720 адамды құрады, оның ішінде 48976 адам қалада, 1744 адам ауылда тұрады. 2025 жылдың басында (50874 адам) халықтың табиғи азаюы (-67 адам) және көші-қонның теріс сальдосы (- 87 адам) нәтижесінде 154 адамға немесе 0,3% қысқарды.
Экономика салаларын дамытудың жай-күйін келесіден көруге болады:
Өнеркәсіп
2025 жылғы қаңтар-наурызда Риддер қаласы кәсіпорындарының өнеркәсіптік өнімдерінің тауарлық шығарылымы 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (39602,5 млн.теңге) 10,4% немесе 7794,5 млн. теңгеге өсумен 43711,8 млн.теңгені құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде тауарлық өнім өндірісі 2024 жылғы деңгейге (36655,1 млн. теңге) 10,2% немесе 3747,9 млн. теңгеге өсумен 40403,0 млн. теңгені құрады.
2025 жылдың басынан бастап өңірдің қала құраушы кәсіпорны «Казцинк» ЖШС ірі жобаны іске асыруды жүзеге асыруда:
- «Казцинк» ЖШС Риддер тау-кен байыту кешенінің байыту фабрикасын реконструкциялау.
Инвестициялар
Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі – 15366,8 млн. теңге.
Жеке инвестициялар 5604,9 млн. теңгені немесе инвестициялардың жалпы көлемінің 36,5% құрады.
Құрылыс жұмыстарының көлемі –2024 жылға (8475,6 млн.теңге) 2822,7 млн.теңгеге немесе 33,3% өсумен 11298,3 млн.теңгені құрады.
Жеке меншік нысанындағы субъектілер 99,7% (11263,2 млн. теңге) және мемлекеттік меншік субъектілері 0,3% (35,1 млн. теңге) мөлшерінде құрылыс жұмыстарының көлемін жүзеге асырды.
Тұрғын үйді пайдалануға беру 491 м2 құрады.
Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі – 376,9 млн. теңге, бұл 69,2 млн. теңгеге немесе 2024 жылғы деңгейден 22,5% жоғары (307,7 млн. теңге), барлық көлем мал шаруашылығы саласына тиесілі.
Мал мен құсты союға 101,2 тонна немесе 2024 жылғы деңгейге 101,0% (100,2, тонна) іске асырылды, сүт – 777,5 тонна немесе 123,7% (628,4 тонна), жұмыртқа – 231,7 мың дана немесе 100,0% (231,7 мың дана) өндірілді.
ІҚМ саны 2024 жылға қарай 315 басқа немесе 4,9% (6466 бас) өсіп, 6781 басты құрады; оның ішінде сиыр 44 басқа немесе 1,4% (3112 бас), 3156 басты құрады; қой мен ешкі - 568 басқа немесе 23,3% (2434 бас), 3002 басты құрады; жылқы - 305 басқа немесе 10,3% (2962 бас), 3267 басты құрады; құс - 71 басқа немесе 0,6% (12639 бас), 12710 басты құрады. Шошқа 102 басқа немесе 5,7% (1786 бас) азайып, 1684 басты құрады.
Кәсіпкерлік
Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 3274 бірлік, бұл тіркелген субъектілер санының 94,5% (3466 бірлік) құрайды.
2025 жылғы 1 сәуірдегі статистикалық есепте 389 жұмыс істеп тұрған шағын бизнес кәсіпорны бар.
Тіркелген кәсіпорындардан жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың үлесі (451 кәсіпорын) 86,3% құрайды.
Сауда және өзге де қызмет көрсетулер
Бөлшек сауда тауар айналымының көлемі – 11855,7 млн. теңге, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен (10953,3 млн. теңге) 902,4 млн. теңгеге немесе 8,2% жоғары.
Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі шағын кәсіпорындардың үлесі - 18,8%, жеке кәсіпкерлердің үлесі - 81,2%. Сауда құрылымында азық-түлік тауарлары - 27,2%, азық-түлік емес тауарлар - 72,8%.
Көтерме сауда айналымының көлемі 2024 жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткішіне (432,4 млн. теңге) 5,8 есе өсумен - 2527,0 млн. теңге.
Көтерме сауданың жалпы көлеміндегі шағын кәсіпорындардың үлесі - 68,7%, орта кәсіпорындардың үлесі - 31,3%.
Сауда құрылымында азық-түлік тауарлары - 51,3% азық-түлік емес тауарлар - 48,7%.
Еңбек нарығы
- 505 жұмыссыз тіркелді;
- 325 адам жұмысқа орналастырылды;
- өтініш берушілердің жалпы санынан жұмысқа орналастыру деңгейі – 46,8%;
- 363 жаңа жұмыс орны құрылды;
- 17 әлеуметтік жұмыс орны ұйымдастырылды;
- қоғамдық жұмыстарға қатысу үшін 129 жұмыссыз тартылды;
- 409 ашық бос жұмыс орны бар.
Кедейшілікпен күрес
Аз қамтылғандар ретінде өңір бойынша 52 отбасы / 185 адам тұрады, бұл 2024 жылдың басынан бері 400 адамға шаққанда 21 отбасына аз (73 отбасы /225 адам).
Әлеуметтік стандарттарға сәйкес медианалық табыс 2025 жылғы наурызда 40098 теңгені құрады.
Әлеуметтік қолдау шаралары ретінде есепті кезеңде бюджет қаражаты есебінен 35055,7 мың теңге төленді.
Бюджет
Барлық деңгейдегі бюджетке 6477,5 млн. теңге түсті, бұл 2024 жылғы деңгейге қарағанда 143,8% құрайды. Түсімдердің өсуі 1971,4 млн. теңгеге.
Қала бюджетінің меншікті кірістерінің болжамы 154,2% орындалды. Жоспар бойынша 2203,9 млн.теңге, нақты 3398,4 млн.теңге түсті. 2024 жылға қарағанда түсімдер 38,5% немесе 944,2 млн. теңгеге ұлғайды.
Қала бюджетінің шығыс бөлігі 100,0% орындалды, жоспар бойынша 2659,303 млн. теңге, кассалық шығыстар 2658,911 млн. теңгені құрады, 392,2 мың теңге игерілмеді.
Еңбек бойынша көрсеткіштер
2024 жылғы қаңтар-желтоқсандағы орташа айлық жалақының мөлшері 464430 теңгені құрады, бұл 2023 жылғы мөлшерден 12,8% жоғары және Шығыс Қазақстан облысының өңірлері арасында көлемі бойынша бірінші болып табылады (ШҚО – 378485 теңге).
Білім
3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту - 100,0% (1567 бала), 2 жастан 6 жасқа дейін – 99,4% (2137 бала). Мектепке дейінгі мекемелерге кезектілік 2025 жылғы 31 желтоқсанда 431 баланы (0-3 жасқа дейін), оның ішінде 2-ден 3 жасқа дейін - 100 баланы құрады.
Мектепке дейінгі мекемелердегі профицит - 500 орын. БММ бос орындарды толтыру бойынша жұмыс жүргізілуде.
Халықтың науқастануы
2024-2025 жылғы қаңтар-наурызда ана өлімі болған жоқ.
2025 жылдың басынан бастап 1 жасқа дейінгі 1 бала қайтыс болды (2024 жылғы қаңтар-наурыз – 0). Нәресте өлімінің көрсеткіші 8.7.
Туберкулезбен науқастанудан 3 оқиға тіркелді, бұл 2024 жыл деңгейінен (5 оқиға) 2 оқиғаға немесе 40,0% төмен. Туберкулезбен науқастану көрсеткіші 2025 жылдың басынан бері 100 мың тұрғынға шаққанда – 5,8, 2024 жылдың басынан – 9,7, төмендеуі – 40,2% және ШҚО бойынша орташа көрсеткішке 36,3% (9,1).
Туберкулезден 2025 жылдың басынан 1 адам қайтыс болды (2024 жылғы қаңтар-наурыз – 0). Туберкулезден болатын өлім көрсеткіші - 1.9.
Есепке алынған онкологиялық науқастардың саны - 48 адам. 100 мың тұрғынға шаққанда онкологиялық сырқаттанушылық көрсеткіші 90,6.
9 адам қатерлі ісік ауруынан қайтыс болды. 2025 жылдың басынан бері 100 мың тұрғынға шаққанда онкологиялық өлім көрсеткіші - 9,4.
Қоғамдық қауіпсіздік
2025 жылдың басынан бастап 2024 жылдың ұқсас кезеңіне (116 оқиға) 3 фактіге немесе 2,6% төмендеумен 113 қылмыс тіркелді.
Қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы ашылуы 67,6% құрайды, бұл 2024 жылдың деңгейінен (80,2%) 12,6 пайыздық тармаққа төмен.
10 мың халыққа шаққандағы қылмыс деңгейі 2024 жылғы көрсеткішпен (91,1) салыстырғанда 1,3% төмендеп, 89,9 құрады.
2025 жылдың басынан бері 7 жол-көлік оқиғасы орын алды, бұл 2024 жылдың басынан бергі деңгейден (9 оқиға) 2 оқиғаға немесе 22,2% төмен. 12 адам жарақат алды, бұл 2024 жылдың басынан бері (14 адам) 2 адамға немесе 14,3% аз. 2024-2025 жылғы есепті кезеңде қайтыс болғандар жоқ.
Риддер өңірі аумағында 18 өрт болды, 3 жағдайға немесе 20,0% өсті (2024 жылғы қаңтар-наурыз - 15 оқиға). 2024 жылдың басынан бері 2 адам, 1 адам өртте қайтыс болды.
20 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді (2024 жылғы қаңтар-наурызда – 21 оқиға).