2025 жылғы 1 сәуірге арналған бюджеттің атқарылуы

2025 жылғы 1 сәуірге арналған бюджеттің атқарылуы

 

          Қала бюджетінің көлемі 2025 жылға 11 533 947,2 мың теңгені құрайды.

          2025 жылғы қаңтар-наурызға кірістер бойынша болжам 151% орындалды, жоспар бойынша 2 342 001 мың теңге, нақты 3 536 481.8 мың теңге түсті, асыра орындау 1 194 480.8 мың теңгеге. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер 685 363,2 мың теңгеге немесе 124% ұлғайды.

          Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 154,2% орындалды. Жоспар бойынша 2 203 909 мың. теңге, нақты 3 398 389,8 мың теңге түсті. 2024 жылға түсімдер 138,4% немесе 944 245,4 мың. теңгеге ұлғайды.

          Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

          - салықтық түсімдер бойынша орындалу 152%, болжам бойынша 2 196 976 мың теңге, 3 338 920,9 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 138,5% құрады;

          - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 24 533,3 мың теңгені құрады, болжам бойынша 4 133 мың теңге, 28 666,3 мың теңге түсті. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер 14 600,4 мың теңгеге немесе 203,8% ұлғайды.

          - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 28 002,6 мың теңгені құрады. 2024 жылмен салыстырғанда түсімдер                  763,5 мың теңгеге немесе 2,5% ұлғайды.

          Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.04.2025 жылға 100% құрайды (жоспар – 1 358 969,2 мың теңге, кассалық шығыстар – 1 358 577,1 мың теңге). 01.04.2025 ж. қалдықтар – 392,1 мың теңге (РБ – 1,7 мың теңге, ОБ – 0,1 мың теңге, ҚБ – 390,3 мың теңге), оның ішінде:

- 225 мың теңге - «Парус Каз» ӨК сатып алуға шарттар жасалған жоқ (ҚБ);

- 48,2  мың теңге - аз сомаға актілер (ҚБ);

- 93,9 мың теңге - басқа да қалдықтар: дөңгелектеу есебінен және т.б.

Дата публикации
04 апреля 2025