2024 жылға мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша "Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ қызметі туралы есеп
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ЖАО, ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді.
"Риддер қаласының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" ММ (бұдан әрі-Бөлім) "Е-лицензиялау" порталы арқылы мемлекеттік қызметтердің мынадай түрлері көрсетіледі:
Мемлекеттік корпорация және Электрондық үкімет веб-порталы арқылы:
2023 жылы мемлекеттік орган барлығы 2330 мемлекеттік қызмет көрсетті (жеке тұлғаларға – 2265, заңды тұлғаларға – 65).
Оның ішінде:
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген: 682 (жеке – 669, заңды - 13).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру - 265 (жеке – 258, заңды - 7).
Электрондық түрде көрсетілген: 1648 (жеке – 1596, заңды - 52).
Оның ішінде:
Электрондық түрде "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетілген – 910.
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру – 910 (жеке тұлғалар).
"Е-лицензиялау" МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілген - 738 (жеке – 686, заңды – 52).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Құрылыс және реконструкциялау (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну - 442;
- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу – 242;
– Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) бойынша жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру - 145
2024 жылы электрондық түрде көрсетілетін қызметтердің үлесі 70,7 % құрады (2022 жылы –82,2 %)
Сәулет және құрылыс қызметтері әлі де сұранысқа ие.
2024 жыл ішінде көрсетілетін қызметті берушілер көрсетілетін қызметті алушыларды мемлекеттік қызметтер көрсету және алу туралы ақпаратпен таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерде түсіндіру іс-шараларын, тікелей эфирлерді, мемлекеттік қызметтердің онлайн-жәрмеңкелерін өткізді.
Мекеме ғимаратының дәліздеріндегі ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ақпарат орналастырылған. Қызметкерлер біліктілікті арттыру курстарына жіберілмеді, жаңа қызметтерге оқытуды жоғары тұрған басқармалар бейнеконференцбайланыс арқылы жүргізеді. Мемлекеттік қызмет көрсетуді Бөлімнің ішкі бақылауы, Риддер қаласы әкімі аппаратының қызметі жүзеге асырады. 2024 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне шағымдар болған жоқ.