Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ-нің 2024 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері
жөніндегі қызметі туралы
ЕСЕП
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 29 қарашадағы № 467/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес ЖАО, ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілді. "Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ мемлекеттік қызметтердің 12 түрін көрсетеді.
2024 жылы бөліммен барлығы 2178 мемлекеттік қызмет көрсетілді (жеке – 1800, заңды – 378).
Оның ішінде:
Көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен: 87 (жеке – 62, заңды – 25).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау - 12;
- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту – 75 (жеке – 51, заңды-24).
Көрсетілетін қызметті берушілер (мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда көрсеткен, бірақ "электрондық үкіметтің" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін: 236 (жеке – 181, заңды – 55).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру- 21;
- Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу (2 кезең) - 215.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген: 0 (жеке – 0, заңды - 0).
Электронды түрде көрсетілген: 1855 (жеке – 1557, заңды-298).
Оның ішінде:
Электрондық түрде көрсетілген – 305, заңды-0).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Жер учаскесін алуға кезекке қою - 111.
"Е-Лицензиялау" МДҚ арқылы электронды түрде көрсетілген - 1744 (жеке – 1446, заңды – 298).
Мемлекеттік қызмет түрлері бойынша:
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды басқару құқығына куәліктер беру - 218;
- Тракторларды және олардың базасында дайындалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік олар үшін нөмірлік белгі- 326;
- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол салу машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайын мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу – 286;
- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын бекіту - 608;
- Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 36;
- Іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру-7;
- Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу- 263.