Риддер қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2024 жылға есеп

Риддер қаласының жергілікті атқарушы органдары мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы 2024 жылға есеп

 

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2025 жылғы 17 қаңтардағы № 16/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес ЖАО, ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесі бекітілді. Риддер қаласының жергілікті атқарушы органдары 67 мемлекеттік қызметтің түрі мен 119 кіші түрін көрсетеді. Барлығына нормативтік-құқықтық актілер (мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары) бар.

2024 жылы Риддер қаласының мемлекеттік органдары барлығы 7092 мемлекеттік қызмет көрсетті (жеке - 6615, заңды - 477).

Оның ішінде:

Көрсетілетін қызметті берушілер кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз нысанда: 12 (жеке - 11, заңды - 1).

Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

- Жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін анықтау - 12.

Көрсетілетін қызметті берушілер баламалы негізде қағаз түрінде кеңсе арқылы көрсеткен, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін еді: 98 (жеке - 83, заңды - 15).

Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгіні беру - 3;

- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру - 1;

- Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу - 4;

- Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру - 20;

- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 66;

- Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық алу — 4.

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендер: 1139 (жеке - 1126, заңды - 13).

Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

- Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу - 54;

- Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру - 116;

- Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-разрядты спортшы, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты және біліктілік санатты спортшы: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі әдіскер біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі - 159;

- Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру - 482;

          - Тұрғын үй көмегін тағайындау - 28;

          - Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру және ұзарту - 284;

          - Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру - 16.

         

          Электрондық түрде көрсетілгендері: 5843 (жеке - 6395, заңды - 448).

          Оның ішінде:

          Электрондық түрде «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілгендер - 2167 (жеке - 2107, заңды - 60).

          Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

          - Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу - 1;

          - Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау - 320;

          - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру - 4;

          - Мүгедектігі бар адамдарды техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 2;

          - Спорттық разрядтарды беру: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-разрядты спортшы, 2-разрядты спортшы, 3-разрядты және біліктілік санатты спортшы: біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер, орта деңгейдегі әдіскер біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешісі - 1;

          - Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру - 981;

- Есепке алу және кезектілік,

сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы - 77;

- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру - 32;

- Эскизді (эскиздік жобаны) келісу - 18;

- Жер учаскесін алуға кезекке тұру - 209;

- Жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту - 3;

- Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру - 5;

- республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқық алу - 215;

- Жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын беру/жою - 299.

         

          «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде көрсетілгендер - 2714 (жеке - 2326, заңды - 388).

Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

          - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру - 216;

          - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен шығару және тіркеу құжатын (телнұсқасын) және олар үшін мемлекеттік нөмірлік белгіні беру - 326;

          - Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу - 286;

          - Құрылыс және қайта жаңарту (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну - 401;

          - Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту - 608;

          - Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 36;

          - Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру - 8;

          - Эскизді (эскиздік жобаны) келісу - 262;

          - Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу - 259;

- Ауданаралық (облысішілік қалааралық), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобиль жолаушылар тасымалын жүзеге асыруға байланысты тасымалдаушының шығындарын субсидиялау - 86;

          - Объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге шешім беру (құрылыстарды бұзу) - 126;

          - Шақыруды кейінге қалдыру - 92;

          - Азаматтарды әскери қызметке шақырудан босату - 5;

          - Ағаштарды кесуге рұқсат беру - 2;

          - Қауіпті техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару - 1.

 

          Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz), оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша - 1487 (жеке - 1487, заңды - 0).

          Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

          - Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларды тіркеу - 356;

          - Жұмыспен қамтуға белсенді жәрдемдесуге қатысуға жолдама беру - 842;

          - Жұмыссыздарды тіркеу - 289.

         

          Көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz), оның ішінде қызметтердің түрлері бойынша - 962 (жеке - 962, заңды - 0).

          Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:

          - Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау - 154;

          - Мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 203;

          - Мүгедектерді техникалық-көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 415;

          - Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерді жеке көмекшімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 13;

          - Мүгедектерді есту бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - жылына алпыс сағат - 1;

          - Мүгедектерді арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 18;

          - Мүгедектер мен мүгедек балаларды санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу - 62;

          - Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу - 60;

          - Медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттарды ресімдеу - 36.

          Бұрынғысынша жұмыспен қамту, жерді пайдалану және сәулет және құрылыс саласындағы қызметтер ең сұранысқа ие болып табылады.

          2024 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бақылау іс-шараларын жүргізу жоспарына сәйкес әкім аппаратының бас инспекторы 5 тексеру жүргізді.

          2024 жыл бойы көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету және алу туралы көрсетілетін қызметті алушыларды таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерде түсіндіру іс-шараларын, тікелей эфирлерді, онлайн-жәрмеңкелерді өткізді.

 

Дата публикации
31 марта 2025