«Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға
мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызметі туралы есеп
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілді. «Риддер қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі - Риддер қаласының ТҮКШ бөлімі) 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
Ұлттық даму институты мәртебесіне ие Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне (бұдан әрі - ТҚЖБ) тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою жөніндегі өкілеттіктердің берілуіне байланысты, ҚР заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес мемлекеттік қызмет «Тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын, тұрғындарды» Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы «электрондық базасына есепке қою» деп аталатын болады, аталған өзгерістер алғаш ресми жарияланған күннен кейін алты ай өткен соң ТҚЖБ жүзеге асырады («Казахстанская правда» газетінің 23.11.2024 жылғы № 228 (30355); «Егемен Қазақстан» газетінің № 228 (30957) 23.11.2024; ҚР НҚА эталондық бақылау банкі электрондық түрде, 26.11.2024 жыл).
Барлық көрсетілген қызметтерге нормативтік-құқықтық актілер (мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары) бар.
2024 жылы Риддер қаласының ТҮКШ бөлімі барлығы 256 мемлекеттік қызмет көрсетілген (жеке тұлғаларға - 119, заңды тұлғаларға - 137).
Оның ішінде:
Электрондық түрде көрсетілгендер: 256, оның ішінде: «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілгендер - 116 (жеке тұлғаларға - 116, заңды тұлғаларға - 0).
Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы - 73;
- Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйлерді жекешелендіру - 43;
Электрондық түрде «Е-лицензиялау» МДБ арқылы көрсетілгендер - 140 (жеке тұлғаларға - 3, заңды тұлғаларға - 137).
Мемлекеттік қызметтердің түрлері бойынша:
- Ағаштарды кесуге рұқсат беру - 3.
- Қауiптi техникалық құрылғыларды есепке қою және есептен шығару – 9.
- Тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялау – 128.