2025 жылғы 1 қаңтарға арналған бюджеттің атқарылуы

 

 

 

2025 жылғы 1 қаңтарға арналған бюджеттің атқарылуы

 

          Қала бюджетінің көлемі 2024 жылға 19 232 719,6 мың теңгені құрайды.

          2024 жылғы қаңтар-желтоқсанға кірістер бойынша болжам 102,2% орындалды, жоспар бойынша 18 791 899,7 мың теңге, нақты 19 197 678,1 мың теңге түсті, асыра орындау 405 778,4 мың теңгеге. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 172 209 мың теңгеге немесе 1% азайды. Төмендеу жоғары тұрған органдардан бюджетке түсетін трансферттер түсімдерінің азаюына байланысты болды.

          Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 104,5% орындалды. Жоспар бойынша 9 087 293 мың теңге, нақты 9 493 071,4 мың теңге түсті.                     2023 жылға түсімдер 18,6% немесе 1 489 007 мың теңгеге ұлғайды.

          Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

          - салықтық түсімдер бойынша орындалу 104,2%, болжам бойынша 8 969 633 мың теңге, 9 346 048,4 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 19,9% құрады;

          - салықтық емес түсімдер бойынша орындамау 7 988,2 мың теңгені құрады, болжам бойынша 41 629 мың теңге, 49 617,2 мың теңге түсті.                  2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 63 718,5 мың теңгеге немесе 56,2% азайды. Басқа түсімдер 61 742,4 мың теңгеге төмендеді.

          - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 21 374,8 мың теңгені құрады. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 1 913,7 мың теңгеге немесе 2% ұлғайды.

Риддер қаласы бюджетінің игерілуі (өзара өтелетін кодтарсыз)  01.01.2025 жылға 100% құрайды (жоспар – 14 269 971,2 мың теңге, кассалық шығыстар – 14 269 534,4 мың теңге). 01.01.2025 жылға қалдықтар – 436,8 мың теңге (РБ – 2 мың теңге, ОБ – 332 мың теңге, ҚБ – 103,4 мың теңге), оның ішінде:

- 331,4 мың теңге - алушылар санының азаюы (ОБ);

- 105,4 мың теңге - басқа қалдықтар: мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, аз сомаға актілер, дөңгелектеу есебінен және т.б.

 

 

 

Дата публикации
08 января 2025