ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Риддер қаласы 2024 жылғы «____»__________ №________
«Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Кар-Тел» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, БСН 980540000397, ұялы байланыстың базалық станциясының электр беру желісін төсеу және пайдалану мақсатында Риддер қаласы, Үлбі кенті, Козлушка тауы мекенжайы бойынша орналасқан, көлемі 0,0960 га жер теліміне 3 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
- «Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Риддер қаласының әкімі Д. Рахметкалиев