|
|
||
|
|
www.stat.gov.kz |
|
|
Баспасөз хабарламасы |
№ 12 10 желтоқсан 2024 жыл |
|
Өндірістегі жарақат
Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің деректері бойынша 2023 жылы Риддер қаласында 92 жазатайым оқиға тіркелді. Мұның өзінде 2 адам топтық жазатайым оқиғалар кезінде, 78-кәсіптік аурулардан.
Жазатайым оқиғалардан зартап шеккендердің жалпы санынан 2 адам жеңіл дәрежеде жарақат алды, 11 ауыр дәрежеде және 1 адам қайтыс болды.
Бір жәбірленушіге жазатайым оқиғалардың материалдық зардаптары 3 017,0 мың тенгені құрады.
Әдіснамалық түсініктемелер
Өндірістегі жазатайым оқиға – жұмыс берушінің тапсырмасын немесе олардың еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау барысында жұмысшыға кәсіптік фактордың әсері, соның нәтижесінде жарақат, жұмысшының кенеттен денсаулығының нашарлануы болды немесе улануы, жұмыс істеу қабілетінен уақытша немесе тұрақты айырылуға, кәсіптік сырқатқа немесе өлімге әкеп соққан.
Кәсіптік ауру – жұмысшыға олар өздерінің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындаумен байланысты зиянды өндірістік факторлар әсерінен туындаған өткір және созылмалы ауру.
Өндірісте болған жазатайым оқиғалардың материалдық салдары – зардап шеккен жұмысшыға кәсіптік еңбекке қабілеттілігін жоғалту деңгейіне сәйкес оның жалақысына пайызбен есептелетін өтелген залалдың өлшемімен анықталады. Асыраушысының өлімі жағдайында, залалды өтеуіне құқығы бар тұлғаларға, залал мөлшері өзіне, оның асырауындағы еңбекке қабілетті, бірақ залал өтелуіне құқығы жоқ тұлғалардың үлесін алып тастаған асыраушының орташа айлық көлемінде өтеледі.
www.stat.gov.kz/Ресми статистика/Салалар бойынша/Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру статистикасы
|
Орындаушы: Е. Котвицкая Тел. +7 (72336) 4-55-75 |
Риддер қаласының Статистика басқармасының басшысы м.а.: Е.Ю. Котвицкая Тел. +7 (72336) 4-55-75 |
Мекенжай: 071300, Риддер қаласы Ш.Уалиханов көшесі, 44 |
© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық Статистика бюросыныз ШҚО бойынша департаменті