2024 жылғы 1 желтоқсанға арналған бюджеттің атқарылуы
Қала бюджетінің көлемі 2024 жылға 20 217 712,4 мың теңгені құрайды.
2024 жылғы қаңтар-қарашаға кірістер бойынша болжам 98,3% орындалды, жоспар бойынша 18 023 325,6 мың теңге, нақты 17 710 260,2 мың теңге түсті, орындалмау 313 065,4 мың теңгеге. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 2 217 823,4 мың теңгеге немесе 11% азайды. Төмендеу жоғары тұрған органдардан бюджетке түсетін трансферттер түсімдерінің азаюына байланысты болды.
Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 102% орындалды. Жоспар бойынша 8 273 778 мың теңге, нақты 8 437 068 мың теңге түсті. 2023 жылға түсімдер 13,9% немесе 1 032 152,9 мың теңгеге ұлғайды.
Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:
- салықтық түсімдер бойынша орындалу 101,3%, болжам бойынша 8 210 330 мың теңге, 8 316 080,8 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 15,4% құрады;
- салықтық емес түсімдер бойынша орындамау 951,1 мың теңгені құрады, болжам бойынша 38 681 мың теңге, 37 729,9 мың теңге түсті. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 68 997,7 мың теңгеге немесе 64,6% азайды. Басқа түсімдер 66 338 мың теңгеге төмендеді.
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 58 490,3 мың теңгені құрады. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 7 537,1 мың теңгеге немесе 8,3% азайды.
Риддер қаласы бюджетінің игерілуі (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.12.2024 жылға 89,2% құрайды (жоспар – 13 923 773,1 мың теңге, кассалық шығыстар – 11 942 489,5 мың теңге). 01.12.2024 жылға қалдықтар – 1 981 283,6 мың теңге (РБ – 1 641 800 мың теңге, ОБ – 303 954,4 мың теңге, ҚБ – 8 529,2 мың теңге):
- 146 108 мың теңге – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үйді сатып алуға құқық белгілейтін құжаттарды ресімдеу (РБ);
- 146 100 мың теңге – халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу үшін жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түскен жоқ сессия бойынша алу (РБ);
- 75 000 мың теңге – Риддер ЖЭО технологиялық жабдықтарын жөндеу бойынша аз сомаға орындалған жұмыстардың актілері, жоғары тұрған бюджеттен трансферттер түскен жоқ, сессия бойынша алу (ОБ);
- 197 762,4 мың теңге – Риддер ЖЭО ОРУ35-110 жөндеу бойынша аз сомаға орындалған жұмыстардың актілері (ОБ);
- 697,3 мың теңге - Тәуелсіздік даңғылының инфрақұрылымын реконструкциялау бойынша орындалған жұмыстардың актілері жоқ (ОБ);
- 57 492,9 мың теңге - Громотуха өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау бойынша ЖСҚ түзету, трансферттер жоғары тұрған басқармаға қайтарылды, сессия бойынша алу (ОБ);
- 1 349 590,9 мың теңге – ЖЭО жабдықтарын жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың актілері жоқ (ҚРҚ);
- 8 179 мың теңге – антенна-діңгек құрылысының жобасының ЖСҚ әзірлеу бойынша төлемге шот қойылмаған (ҚБ);
- 151,4 мың теңге – басқа да қалдықтар: ЕТҚ бойынша үнемдеу, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, аз сомаға актілер, дөңгелектеу есебінен және басқалар (РБ – 1,1 мың теңге, ОБ – 1,1 мың теңге, ҚБ – 149,2 мың теңге).