Құрметті Риддер қаласының тұрғындары Сіздерді «Алексей Александрович Бажинге шектеулі нысаналы пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) беру туралы» Риддер қаласы әкімдігі қаулысының жобасын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз. НҚА жобасын талқылау үшін келесі сілтеме бойынша өту қажет https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15255984  

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

 

РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

ҚАУЛЫ

 

Риддер қаласы                          2024 жылғы  «____»__________       №________

 

 

Алексей Александрович Бажинге шектеулі пайдалану құқығын (қауымдық сервитут) берліглеу туралы

 

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 18-бабы 5-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Занының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Алексей Александрович Бажинге, ЖСН 780512300222, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер телімдерін алып қоймай, Риддер қаласы, Бухмейер көшесі, №14 жылу камерасынан кадастрлық нөмірі 05-083-008-410 теліміне дейін орналасқан, ені 1 метр, ұзындығы 97 метр жылу трассасын төсеу мақсатында 3 жыл мерзімге шектеулі пайдалану құқығы (қауымдық сервитут) белгіленсін.
  2. «Риддер қаласының жер қатынастары және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Риддер қаласының әкімі                                                             Д. Рахметкалиев

 

 

 

Дата публикации
28 октября 2024