2024 жылғы 1 қазанға арналған бюджеттің атқарылуы

2024 жылғы 1  қазанға арналған бюджеттің атқарылуы

 

          Қала бюджетінің көлемі 2024 жылға 19 957 229,8 мың теңгені құрайды.

          2024 жылғы қаңтар- қыркүйекке кірістер бойынша болжам 102,5% орындалды, жоспар бойынша 12 011 113,5 мың теңге, нақты 12 311 067,7 мың теңге түсті, асыра орындау 299 654,2 мың теңгеге. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 3 194 922,1 мың теңгеге немесе 20,6% азайды. Төмендеу жоғары тұрған органдардан бюджетке түсетін трансферттер түсімдерінің азаюына байланысты болды.

          Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 104,4% орындалды. Жоспар бойынша 6 792 903,7 мың. теңге, нақты 7 092 557,9 мың. теңге түсті.                     2023 жылға түсімдер 14% немесе 872 001 мың. теңгеге ұлғайды.

          Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

          - салықтық түсімдер бойынша орындалу 103,7%, болжам бойынша 6 737 255,7 мың теңге, 6 984 764,9 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 15,8% құрады;

          - салықтық емес түсімдер бойынша орындамау 621 мың теңгені құрады, болжам бойынша 31 881 мың теңге, 32 502 мың теңге түсті. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 69 792,4 мың теңгеге немесе 68,2% азайды. Басқа түсімдер 65 533 мың теңгеге төмендеді.

          - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 51 524,1 мың теңгені құрады. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 9 349,8 мың теңгеге немесе 11% азайды.

Риддер қаласы бюджетінің игерілуі (өзара өтелетін кодтарсыз)  01.10.2024 жылға 98,2% құрайды (жоспар – 8 913 987,8 мың теңге, кассалық шығыстар – 9 757 802,6 мың теңге). 01.10.2024 жылға қалдықтар – 156 185,2 мың теңге (РБ – 739 мың теңге, ОБ – 151 993,5 мың теңге, ҚБ – 3452,7 мың теңге):

- 737,8 мың теңге - ЖЭО жөндеу жұмыстары (ҚРҮ резерві);

- 46299 мың теңге - Тәуелсіздік даңғылының инфрақұрылымын реконструкциялау бойынша орындалған жұмыстардың актілері жоқ (ОБ);

     - 57492,9  мың теңге - ұзақ мерзімді шарттар жасасу, Громотуха өзені арқылы өтетін көпірді реконструкциялау бойынша мердігер анықталмаған (ОБ);

- 48199,9 мың теңге - ЖЭО технологиялық жабдықтарын жөндеу бойынша қазынашылық органдарына тіркеуге арналған шартты кеш ұсыну (ОБ);

- 1808 мың теңге - қазынашылық органдарына төлем шоттарын кейінірек ұсыну (ҚБ);

- 1459,8 мың теңге – Жасыл Ел бойынша үнемдеу (ҚБ);

- 187,7 мың теңге – басқа да қалдықтар: ЕТҚ бойынша үнемдеу, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу, аз сомаға актілер, дөңгелектеу есебінен және басқалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
04 октября 2024