Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерiстер мен толықтыруларды (оның iшiнде, меншiк құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік немесе телнұсқа

Жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар – ең жоғары конструкциялық жылдамдығы сағатына елу және елу километрден аспайтын квадроциклдер және қаршаналар;

Машиналарды мемлекеттік тіркеу – машиналарды тіркеу, мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін және машиналарға олардың жол қозғалысына қатысуға жіберілгенін растайтын тіркеу құжаттарын беру жөніндегі тіркеу пункттерінің қызметі;

Нөмірлік агрегат – зауыттық тіркеу нөмірі (шасси, рама) бар машинаның негізгі құраушы торабы.);

Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.

Дата публикации
15 августа 2024