2024 жылғы 1 маусымға арналған бюджеттің атқарылуы

Қала бюджетінің көлемі 2024 жылға 18 060 582,6 мың теңгені құрайды.

         2024 жылғы қаңтар- мамырға кірістер бойынша болжам 120,4% орындалды, жоспар бойынша 6 192 012 мың теңге, нақты 7 456 037,2 мың теңге түсті, асыра орындау 1 264 025,2 мың теңгеге. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 2 844 103,3 мың теңгеге немесе 61,7% ұлғайды.

         Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 140,3% орындалды. Жоспар бойынша 3 140 359 мың. теңге, нақты 4 404 384,2 мың. теңге түсті.                     2023 жылға түсімдер 25,6% немесе 896 921,3 мың. теңгеге ұлғайды.

         Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

         - салықтық түсімдер бойынша орындалу 138,9%, болжам бойынша 3 124 007 мың теңге, 4 337 771,5 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 26,4% құрады;

         - салықтық емес түсімдер бойынша орындамау 14 175,7 мың теңгені құрады, болжам бойынша 7 972 мың теңге, 22 147,7 мың теңге түсті. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 6 281,3 мың теңгеге немесе 39,6% азайды.

         - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 36 085 мың теңгені құрады. 2023 жылмен салыстырғанда түсімдер 16 048,3 мың теңгеге немесе 26,5% азайды.

         Риддер қаласы бюджетінің игерілуі (өзара өтелетін кодтарсыз)  01.06.2024 жылға 100% құрайды (жоспар – 4 865 604,0 мың теңге, кассалық шығыстар –                  4 865 147,5 мың теңге). 01.06.2024 жылға қалдықтар – 1456,5 27,2 мың теңге (РБ – 104 мың теңге, ОБ – 14 мың теңге, ҚБ – 341,5 мың теңге):

- 101,0 мың теңге - оның ішінде 100,0 мың теңге – ҚР резерві, жылу желілерін жөндеуге шарт жасалмаған, 1 мың теңге - дөңгелектеу есебінен;

- 14,0 мың теңге - алушылар санының азаюы туралы трансферттер;

- 341,5 мың теңге - басқа қалдықтар: еңбекақы қорын үнемдеу, алушылар санының азаюы, аз сомаға актілер, дөңгелектеу есебінен және т.б.

 

Дата публикации
06 июня 2024