«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен (жаңа редакцияда-ҚР Цдиаөм 2021 жылғы 25 қарашадағы № 407/НҚ бұйрығымен. МЮРК-те тіркелген), мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес ЖАО, ведомстволық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтер тізбесі бекітілді.
Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 бұйрығымен бекітілген спорттық атақтар, разрядтар мен біліктілік санаттарын беру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылғы 5 тамызда №9675 болып тіркелді, «Риддер қаласының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ ММ 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:
2023 жылғы қаңтар - желтоқсанда «Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ спорттық разрядтарды беру бойынша 155 мемлекеттік қызмет көрсетілді: 2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-жасөспірімдік разрядты спортшы, 2-жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы және біліктілік санаттары: екінші санатты орта деңгейдегі жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы және спорт төрешісі, олардың ішінде:
2 разрядты спортшы-30;
3 разрядты спортшы-25;
1 жасөспірімдер разрядты спортшы-28;
2 жасөспірімдер разрядты спортшы – 37;
3 жасөспірімдер разрядты спортшы – 22;
Біліктілігі орта деңгейдегі 2-санатты жаттықтырушы-7;
біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы -4;
Спорт төрешісі -2.
Келесі спорт түрлерінде: жүзу, гандбол, бокс, биатлон, сноуборд, шаңғы жарысы, спорттық туризм және туристік көпсайыс, шаңғымен секіру, велосипед, баскетбол, жеңіл атлетика.
Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру бойынша мемлекеттік қызметтерді пайдалану көрсетілмеген.
2023 жыл ішінде мемлекеттік мекеме спорт саласында мемлекеттік қызметтер көрсету және алу бойынша көрсетілетін қызметті алушыларды таныстыру мақсатында әлеуметтік желілерде түсіндіру іс-шараларын, тікелей эфирлерді өткізді.