Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 2023 жылғы 1 желтоқсанда Риддер өңірі бойынша халық саны 51557 адамды құрайды, оның ішінде 49722 адам қалада, 1835 адам - ауылда тұрады. 2023 жылдың басында (52066 адам) халықтың табиғи кемуі (-343 адам) және көші-қонның теріс сальдосы (- 166 адам) нәтижесінде 509 адамға немесе 1,0% қысқарды.
2023 жылғы 1 қаңтарда статистикалық есепте Риддер қаласы бойынша 620 шаруашылық жүргізуші субъекті (кәсіпорындар, ұйымдар және меншіктің барлық нысанындағы мекемелер) тұр. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы санынан – 597 (96,3%) – шағын, 21(3,4%) – орташа, 2 (0,3%) – ірі. Жалпы тізбедегі меншік нысандары бойынша: 69 – мемлекеттік, 521 – жеке, 30 – шетелдік.