Қала бюджетінің көлемі 2023 жылға 19 576 815,2 мың теңгені құрайды.
2023 жылғы қаңтар-желтоқсанға кірістер бойынша болжам 100,7%, жоспар бойынша 19 232 264,2 мың теңге, нақты 19 369 887,1 мың теңге түсті, 137 622,9 мың теңгеге асыра орындалды. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 8 918 077,2 мың теңгеге немесе 2 есеге ұлғайды.
Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 101,7% орындалды. Жоспар бойынша 7 866 441 мың теңге, нақты 8 004 064,4 мың теңге түсті. 2022 жылға түсімдер 25,3% немесе 1 613 597 мың теңгеге ұлғайды.
Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:
- салықтық түсімдер бойынша орындалу 100,8%, болжам бойынша 7 736 834 мың теңге, 7 795236,5 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 124,7% немесе 1 541 557,9 мың теңгені құрады;
- салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 70 534,7 мың теңгені құрады, болжам бойынша 42 801 мың теңге, 113 335,7 мың теңге түсті. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 70 279,9 мың теңгеге немесе 2,5 есеге ұлғайды.
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 8 686,1 мың теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 1 759,4 мың теңгеге немесе 101,9% ұлғайды.
01.01.2024 жылға Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 98,2% құрайды (жоспар – 14861147,2 мың теңге, кассалық шығыстар – 14597790,2 мың теңге). 01.01.2024 жылғы қалдықтар – 263357 мың теңге (ҰҚ – 61040 мың теңге, ОБ – 171883,7 мың теңге, ҚБ – 30433,3 мың теңге).
- 40000 мың теңге - Тәуелсіздік даңғылы бойынша инфрақұрылымды реконструкциялау жөнінде шарт жасалмаған (ҰҚ);
- 20000 мың теңге - Громотуха өзені арқылы өтетін автожол көпірін реконструкциялау жөнінде шарт жасалмаған (ҰҚ);
- 103790 мың теңге – халықтың әлеуметтік осал топтары үшін үйлер салынбаған (ҰҚ-1040 мың теңге, ОБ-102750 мың теңге);
- 69089,5 мың теңге - РЖЭО жөндеу бойынша орындалған жұмыстар актілерінің болмауы (ОБ);
- 29982 мың теңге - Бутаково а. су құбыры желілерінің құрылысы бойынша пайдалануға беру актісі жоқ (ҚБ);
- 121 мың теңге - оқушыларды оқудан шығару есебінен (ОБ-44,1 мың теңге, ҚБ-76,9 мың теңге);
- 374,5 мың теңге – басқа қалдықтар: МСА бойынша үнемдеу, аз сомаға актілер, дөңгелектеу есебінен және т.б. (ОБ-0,1 мың теңге, ҚБ-374,4 мың теңге).