Риддер қаласы  кәсіпорындарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы

2022 жылы Риддер қаласы бойынша есеп берген ұйымдар саны 254 бірлікті құрады, одан компьютерді пайдаланғандар 87% (221 бірлік), Интернет желісіне қолжетімділігі барлар 81,9% (208 бірлік) және тек 9,8% (25 бірлік) ұйымдар бұлтты АТ-қызметтерін пайдаланды

Есепті кезеңде ұйымдарда 1659 компьютер пайдаланылды, одан Интернет желісіне қосылғаны – 90% (1500 бірлік).

Ұйымдардың АКТ-ға жұмсаған шығыстарының жалпы соммасы 129,2 млн. теңгені құрады.

Ақпараттық технологиялар жүйесін пайдаланатын ұйымдардың негізгі үлесі, мемлекеттік органдармен байланыс үшін - 78,2 % (173 бірлік), интернет ресурстары - 28,5 % (63 бірлік),  автоматтандырылған ішкі бизнес-процестер - 23,5 % (52 бірлік),   электрондық шот-фактуралар - 98,6 % (218 бірлік), интернет желісі бойынша тауарлар мен қызметтерге тапсыр алу -  11,7 % (26 бірлік),  интернет желісі бойынша тауарлар мен қызметтерге тапсыр беру  - 20,3 % (45 бірлік).

Риддер қаласы  кәсіпорындарының ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану туралы
Дата публикации
07 ноября 2023