Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 2023 жылғы 1 маусымға Риддер өңірі бойынша халық саны 51867 адамды құрайды, оның ішінде 49984 адам қалада, 1883 адам - ауылда тұрады. 2023 жылдың басында (52066 адам) халықтың табиғи кемуі (-171 адам) және көші-қонның теріс сальдосы (- 28 адам) нәтижесінде 199 адамға немесе 0,4% қысқарды.