Қала бюджетінің көлемі 2023 жылға 10 751 197 мың теңгені құрайды.
2023 жылғы қаңтар-маусымға кірістер бойынша болжам 104,85%, жоспар бойынша 5 294 126 мың теңге, нақты 5 546 783,9 мың теңге түсті, асыра орындау 252 657,9 мың теңгеге орындалды. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 1 037 033,9 мың теңгеге немесе 23% ұлғайды.
Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 108% орындалды. Жоспар бойынша 3 766 338 мың теңге, нақты 4 068 995,9 мың теңге түсті. 2022 жылға түсімдер 18,8% немесе 642 631,1 мың теңгеге ұлғайды.
Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:
- салықтық түсімдер бойынша орындалу 106,4%, болжам бойынша 3 738 904 мың теңге, 3 978 984,3 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 118,7% немесе 627 686 мың теңгені құрады;
- салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 4 319,6 мың теңгені құрады, болжам бойынша 13 984 мың теңге, 18 303,6 мың теңге түсті. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 9 835,8 мың теңгеге немесе 34,9% азайды.
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 58 258,1 мың теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 24780,9 мың теңгеге немесе 1,5 есе ұлғайды.
Риддер қаласы бюджетінің игерілуі (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.07.2023 жылға 100,0% құрайды (жоспар – 3212517,0 мың теңге, кассалық шығыстар – 3212287,1 мың теңге). 01.07.2023 ж. қалдықтар – 229,9 мың теңге (ОБ – 82,2 мың теңге, ҚБ – 147,7 мың теңге).
- 82,2 мың теңге – оқудан шығарылған білім алушылар есебінен (ОБ).
- 101,3 мың теңге - басқа қалдықтар: ЕТҚ бойынша үнемдеу, дөңгелектеу есебінен және т. б.