Туризм – жеке тұлғалардың уақытша болатын елде (жерде) жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін не жиырма төрт сағаттан аз уақытқа созылатын, бірақ түнейтін, ақылы қызметпен байланысты емес мақсаттағы саяхаты.
Орналастыру орындары – қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақжайлар, демалыс үйлері, пансионаттар және келушілердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да үй-жайлар мен имараттар.