Қала бюджетінің көлемі 2023 жылға 9 668 056 мың теңгені құрайды.
2023 жылғы қаңтаркірістер бойынша болжам 126,9% орындалды, жоспар бойынша 296 693 мың теңге, нақты 376 556 мың теңгетүсті, асыра орындау 79 863 мың теңгеге. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 43 340,9 мың теңгеге немесе 13% ұлғайды.
Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 126,9% орындалды. Жоспар бойынша 296 693 мың. теңге, нақты 376 556 мың. теңге түсті. 2022 жылға түсімдер 15,4% немесе 50 366,6 мың. теңгеге ұлғайды.
Мынадай санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:
- салықтық түсімдер бойынша орындалу 114,7%, болжам бойынша 294 793 мың теңге, 338 129,1 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда өсу қарқыны 107,2% құрады;
- салықтық емес түсімдер бойынша орындамау 377 мың теңгені құрады, болжам бойынша 1 900 мың теңге, 1 523 мың теңге түсті. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 8 891,3 мың теңгеге немесе 85,4% азайды.
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 36903,9 мың теңгені құрады. 2022 жылмен салыстырғанда түсімдер 36 588,6 мың теңгеге немесе 11есе ұлғайды.
Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.02.2023 жылға 99,9% құрайды (жоспар – 86 127,0 мың теңге, кассалық шығыстар – 86 072,4 мың теңге). 01.02.2023 ж. қалдықтар –54,6 мың теңге (ҚБ – 54,6 мың теңге), оның ішінде:
- 40,0 мың теңге - байланыс қызметтері бойынша үнемдеу, мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткен жоқ;
- 14,6 мың теңге - өзге де қалдықтар: дөңгелектеу есебінен және т.б.