Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.07.2022 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 54815 адамды құрайды, оның ішінде 51604 адам қалада, 3211 адам - ауылдық жерде тұрады. 2022 жылдың басында (55112 адам) 117 адамнан тұратын көші-қонның теріс сальдосы және 180 адамнан тұратын халықтың табиғи кемуі нәтижесінде халық саны 297 адамға немесе 0,5% қысқарды.