Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.03.2022 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 55018 адамды құрайды, оның ішінде 51798 адам қалада, 3220 адам - ауылдық жерде тұрады. 2022 жылдың басында (55116 адам) халықтың саны 98 адамға немесе 0,2% қысқарды, көші-қонның теріс сальдосы нәтижесінде 19 адам және халықтың табиғи кемуі 79 адам болды.