Риддер қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 15-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы «Жайылымдар туралы» Заңының 8-бабы 1) тармақшасына сәйкес, Риддер қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Риддер қаласындағы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспар осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне электрондық түрде жолдансын.
  3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Риддер қалалық мәслихатының хатшысы

Риддер қаласы бойынша жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі 2022-2023 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы
Дата публикации
21 апреля 2022