Риддер қаласы бойынша 2021-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі бағдарлама Қазақстан Республикасының «Жайылымдар туралы» Заңына сәйкес жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында әзірленді.