Риддер қаласы Шығыс Қазақстан облысының ірі өнеркәсіптік өңірлерінің бірі болып табылады. 01.09.2021 жылға Риддер өңірі бойынша халық саны 55410 адамды құрайды, оның ішінде 52168 адам қалада, 3242 адам - ауылдық жерде тұрады. 2021 жылдың басында (55893 адам) халық саны 483 адамға немесе 269 адам мөлшерінде көші-қонның теріс сальдосы және 214 адам мөлшерінде халықтың табиғи кемуі нәтижесінде 0,9% қысқарды.