2026 жылғы 1 тамызға арналған бюджеттің атқарылуы

2026 жылғы 1 тамызға арналған бюджеттің атқарылуы

 

         Қала бюджетінің көлемі 2026 жылға 11 296 046 мың теңгені құрайды.

         2026 жылғы қаңтар-шілдеге кірістер бойынша болжам 119,9% орындалды, жоспар бойынша 4 674 444,5 мың теңге, нақты 5 606 678 мың теңге түсті, орындалуы 932 233,5 мың теңгеге. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер Риддер Полиметалл ЖШС ірі салық төлеушілер қатарына өтуіне, КТС бойынша аванстық төлемдерді төлеушілер санының азаюуына, Салық кодексі бойынша жалақы бойынша шегерімдер мөлшерін өзгерту есебінен, жоғары тұрған бюджеттен түсетін трансферттердің азаюына байланысты  1 695 572,6 мың теңгеге немесе 23% азайды.

         Қалалық бюджеттің меншікті кірістерінің болжамы 121,7% орындалды. Жоспар бойынша 4 289 066,5 мың теңге, нақты 5 220 380,9 мың теңге түсті.               2025 жылға түсімдер 20,7% немесе 1 366 515,7 мың теңгеге төмендеді.

         Келесі санаттар бойынша бекітілген жоспарларды орындау:

         - салықтық түсімдер бойынша орындалу 121,3%, болжам бойынша    4 200 739,5 мың теңге, 5 095 165,1 мың теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда төмендеу қарқыны 21,1% құрады;

         - салықтық емес түсімдер бойынша асыра орындау 20 473,9 мың теңгені құрады, болжам бойынша 28 652 мың теңге, 49 125,9 мың теңге түсті. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер 2 370,5 мың теңгеге немесе 4,6% төмендеді;

         - негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша асыра орындау 16 414,9 мың теңгені құрады. 2025 жылмен салыстырғанда түсімдер                  5 096,2 мың теңгеге немесе 6,3% төмендеді.

         Риддер қаласының бюджетін игеру (өзара өтелетін кодтарсыз) 01.08.2026 жылға 99,8% құрайды (жоспар – 2 965 147,2  мың теңге, кассалық шығыстар – 2 959 781,3  мың теңге). 01.08.2026 ж. қалдықтар – 5 365,9 мың теңге (ОБ -1827,2мың теңге, ҚБ - 3538,7 мың теңге), оның ішінде:

- 1754,1 мың теңге – Тәуелсіздік даңғылын реконструкциялау бойынша аз сомаға актілер (ОБ);

- 71,8 мың теңге – жан басына шаққандағы қаржыландыру бойынша қойылған актілерге сәйкес төлем жасалды (ОБ);

- 1665,5 мың теңге - аз сомаға (ҚБ) орындалған жұмыстар актілері;

- 1520 мың теңге – әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру (сессия бойынша алып тастау) (ҚБ);

- 354,5 мың теңге - өзге де қалдықтар: ЕТҚ бойынша үнемдеу, алушылар санының азаюы, ББӘ барлық бағдарламалары бойынша дөңгелектеу есебінен.

Дата публикации
04 августа 2026