«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының, 2016 жылғы 19 қазандағы № 2016 бұйрығымен бекітілген, Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары, Риддер қаласы әкімдігінің «Водоканал» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі – Кәсіпорын) Кәсіпорын директорының 2026 жылғы 24 маусымдағы № 233-П бұйрығымен құрылған жұмыс тобының құрамында, 2025 жылғы 3 қыркүйектен 2026 жылғы 3 қазанға дейінгі кезеңде, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.