ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
РИДДЕР ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ
ҚАУЛЫ
Риддер қаласы 2026 жылғы «_____» ________ №_____
«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 40-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 124-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Риддер қаласының әкімі Д. Рахметкалиев
|
Риддер қаласы әкімдігінің
2026 жылғы «___»_____
№ ____ қаулысына қосымша
«Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
3.Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
1) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын іске асыру, қалалық бюджеттің атқарылуын қамтамасыз ету, қалалық коммуналдық меншікті тиімді басқару;
2) әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеу және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының мониторингін жүзеге асыру;
3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес кірістер мен шығыстарды экономикалық негізделген жоспарлау негізінде алдағы қаржы жылына және үш жылдық кезеңге арналған қалалық (жергілікті) бюджет жобасын әзірлеу және оның орындалуын ұйымдастыру;
4) бюджеттік есепке алуды жүргізу, берешектің жай-күйі туралы шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау және ұсыну;
5) қалалық коммуналдық меншікті басқару.
1) өңірді дамытудың негізгі бағыттарын, мақсаттары мен міндеттерін қалыптастырады;
2) Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және бюджеттік параметрлерін әзірлеуге қатысады;
3) өз құзыреті шегінде қалалық даму бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруды қамтамасыз етуге қатысады;
4) бюджетті жоспарлауды ұйымдастырады және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді;
5) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын қарайды, қорытындыларды қалыптастырады және бюджет комиссиясының қарауына енгізеді;
6) бюджет комиссиясының жұмысын ұйымдастырады;
7) үш жылдық кезеңге арналған қалалық бюджеттің жобасын әзірлеуді жүзеге асырады және қалалық мәслихатқа бекітуге жібереді;
8) қаржы жылына арналған Риддер қаласының барлық бюджеттік мекемелері бойынша қаржыландырудың бекітілген, нақтыланған жылдық жоспарын талдауды жүзеге асырады;
9) жергілікті инвестициялық жобалардың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
10) қалалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
11) бюджетке түсетін түсімдердің күтілетін көлемін және жоспарланған кезеңге арналған шығыстардың атқарылуын, қолма-қол ақша профициті (тапшылығы) мен оны жабу көздерін айқындау жөніндегі процесс болып табылатын қолма-қол ақша легінің болжамын жасайды;
12) міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарларын жасайды және бекітеді;
13) бюджет қаражаты есебінен берілген бюджеттік кредиттерді тіркеуді, олардың есебін және мониторингін жүзеге асырады;
14) бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін тұрақты және жүйелі жинақтау, қадағалау және талдау арқылы бюджеттік мониторингті жүзеге асырады;
15) даму бюджетінің, инвестициялық жобалардың игерілу барысына мониторинг жүргізеді;
16) коммуналдық мүлікті басқаруды талдауды және бағалауды жүзеге асырады;
17) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджетті атқару жөніндегі қызметін үйлестіреді;
18) бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бекітетін мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін, оның иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстарының жиынтық жоспарын келіседі;
19) бюджет ақшасын басқарады;
20) қала бюджетінің қолма-қол ақшаның бақылау шоттарында ақша қозғалысына мониторинг жүргізеді;
21) қалалық бюджетті атқару бойынша бюджеттік есеп пен есептілікті жүргізуді қамтамасыз етеді;
22) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қала әкімдігінің резервінен қаражат бөлу туралы өтінішхаттарды қарайды;
23) бюджеттік ақшаны басқару бойынша қалалық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалауды жүзеге асырады;
24) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мүлікті басқару саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
25) өз құзыреті шегінде қалалық коммуналдық мүлікті басқарады;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды қала басшылығының қарауына енгізу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құзыреті шеңберінде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты мәселелерді қарау және бірлесіп әзірлеу үшін қаланың жергілікті атқарушы органдарының басқа бөлімдерінің қызметкерлерін тарту;
3) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізуге бастамашылық ету;
4) өз функцияларын орындау үшін өзге мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан, ұйымдардан және олардың басшыларынан, азаматтардан Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген құзырет шегінде қажетті ақпаратты сұрау;
5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша консультациялар беру;
6) заңды және жеке тұлғалар бұл туралы ресми сұранымы болған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен ақпарат беру;
7) мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді орындау.
3-тарау. «Риддер қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде айқындалатын өз құзыретіне сәйкес мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін шешеді;
2) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелеуді жүзеге асырады және оларға тәртіптік жаза қолданады;
4) мемлекеттік мекеме қызметінің мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы ережеде айқындалатын оның құзыретіне сәйкес шешеді;
5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаға қол қояды;
6) мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
7) мемлекеттік органдарда, басқа ұйымдарда мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіреді;
8) Риддер қаласы әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті мен құрылымы шегінде мемлекеттік мекеменің штат кестесін бекітеді;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қажетті шаралар қабылдайды және бұл үшін дербес жауапты болады;
10) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттікті жүзеге асырады;
Мемлекеттік мекеменің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату