3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту 100% құрайды. Қала бойынша 3-6 жас аралығындағы 3683 бала бар.
Білім беру нысандарын жөндеуге қалалық бюджеттен 108,5 млн.теңге бөлінді.
«Нұр Отан» партиясының «Балаларға арналған тегін IT-сыныптар» бастамашыл жобасын жүзеге асыру аясында 5 шағын жинақты мектепте IT-сыныптар ашылды.
IT-сыныптарды ашу үшін интерактивті панельдер мен компьютерлік техниканы сатып алуға 12 млн. 450 мың теңге бөлінді. Толық жиынтықты мектептерді робототехника сыныптарымен жабдықтау 100% құрайды.
Аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан 505 бала тегін мектеп формасымен қамтамасыз етілді. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 9 млн. 404 мың теңге бөлінді.
Қаланың барлық мектептерінде оқушылар ыстық тамақпен қамтылған. Жекелеген санаттағы оқушылар үшін 17 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді (АӘК алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар).
1-4 сынып оқушылары тегін сүтпен қамтылған. Бюджеттен 15 млн. 520 мың теңге бөлінді.
8 мектепке дейінгі балалар мекемесі мен 6 мектепте бейнебақылау камералары орнатылды. Білім беру мекемелерін бейнебақылаумен жабдықтау 100% құрайды.