Риддер қаласының мәдениет мекемелерінің желісі 12 нысаннан тұрады.
Анықтамалық:
Мәдениет сарайына Поперечное а. клубы, 4-ші аудан клубы және көздері көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған клуб кіреді;
6 кітапхананы біріктіретін Риддер қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі: Гоголь атындағы Орталық кітапхана, Орталық балалар кітапханасы, № 1, № 3, № 4, № 10 кітапхана бөлімшелері;
Құрамында 12 этномәдени бірлестік бар Халықтар Достығы үйі;
Риддер тарихи-өлкетану музейі.
Сондай-ақ, «Тілдерді оқыту орталығы» КММ жұмыс істейді, онда мемлекеттік, ағылшын және орыс тілдері оқытылады.
Өткен кезеңде мәдениет мекемелері 800 мәдени - бұқаралық іс-шара өткізді, оған 110 000 адам қатысты.
Мәдениет саласында халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылы мәдениет объектілерінде 28,1 млн. теңге сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілді: №3 және № 4 кітапхана-бөлімшелерінің ішкі үй-жайларына ағымдағы жөндеу, Гоголь атындағы орталық қалалық кітапхананың кіру тобын жөндеу, 4-ші аудан клубы ғимаратының қасбетін ағымдағы жөндеу және көздері көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін клубтың қасбетін ағымдағы жөндеу.
Мәдениет сарайының шығармашылық ұжымдары үшін материалдық-техникалық базаны нығайту шеңберінде жергілікті бюджеттен 2095,0 мың теңге сомасына костюм тігуге (татар костюмі, орыс костюмі, қазақ костюмдері, корей костюмі және би аяқ киімі) қаражат бөлінді. Бірлік пен келісімді нығайту, патриотизмге тәрбиелеу, Қазақстан халқының мәдени құндылықтары мен дәстүрлерін дәріптеу мақсатында Риддер қаласының Достық үйіне жалпы сомасы 600 мың теңгеге костюм тігуге (әйелдер костюмдерінің 10 жиынтығы, ерлер костюмдерінің 5 жиынтығы) қаражат бөлінді.
Жыл сайын кітапханалар үшін әдебиет сатып алуға қаражат бөлінеді. 2022 жылы жергілікті бюджеттен 1237,0 мың теңге бөлінді.