Назар аударыңыз аукцион!

Назар аударыңыз аукцион!

«Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі 2020 жылғы 3 шілдедегі және 17 шілдедегі күні сағат 10.00-де Өскемен қаласы, А.Чехов көшесі, 33 мекенжайы бойынша сауда-саттықтың ағылшын тәсілімен жер учаскесіне жеке меншік құқығын және жер учаскесін жалдау құқығын сату бойынша аукцион өткізеді:

Жер учаскелеріне жеке меншік құқығы:

  1. Дүкенді жобалау, салу және орналастыру үшін Бажов көшесі, № 494 учаскенің маңындағы ауданы 0,06 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 1200000 тг., салық 7817 тг/жыл.
  2. Кір жуу орнын жобалау, салу және орналастыру үшін Машиностроительдер көшесі, № 2 үйдің маңындағы ауданы 0,0548 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 1705000 тг., салық 7615 тг/жыл.
  3. Кір жуу орнын жобалау, салу және орналастыру үшін І. Есенберлин даңғылы, № 6/1 тұрғын үйдің маңындағы ауданы 0,02 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 650000 тг., салық 2779 тг/жыл.
  4. Монша кешенін жобалау, салу және орналастыру үшін І. Есенберлин даңғылы, № 6/1 тұрғын үйдің маңындағы ауданы 0,07 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 2200000 тг., салық 9727 тг/жыл.
  5. Қонақ үйді жобалау, салу және орналастыру үшін Қаныш Сәтпаев атындағы даңғылында, 82/1 ауданы 0,6115 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 19003000 тг., салық 84974 тг/жыл.
  6. Монша кешенін жобалау, салу және орналастыру үшін Бажов көшесі, № 331/3 үйдің маңындағы ауданы 0,11 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 2200000 тг., салық 14330 тг/жыл.

Жер учаскесін мерзімі 10 (он) жылға жалға алу құқығы:

  1. Самар тас жолы, 55 газ толтыру станциясын, теміржол тұйығын және теміржол эстакадасын жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,14 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 900000 тг., жалдау 23345 тг/жыл.
  2. Базовая көшесінде, № 12/5 учаскенің маңында өндірістік базаны, әкімшілік ғимаратын және гараждарды жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,4 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 2250000 тг., жалдау 65311 тг/жыл.
  3. 19-шы тұрғын ауданда, Көкжал Барақ көшесінде, 19 учаскенің маңындағы (№ 1 учаске) жеңіл жиналмалы-алмалы құрылымдардан жасалған дүкенді жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,02 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 400000 тг., жалдау 3335 тг/жыл.
  4. 19-шы тұрғын ауданда, Көкжал Барақ көшесінде, 19 учаскенің маңындағы (№ 2 учаске) жеңіл жиналмалы-алмалы құрылымдардан жасалған дүкенді жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,02 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 400000 тг., жалдау 3335 тг/жыл.
  5. Айналма тас жолы, № 21 учаскенің маңында қойманы жобалау, салу және орналастыру үшін ауданы 0,19 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 1200000 тг., жалдау 31683 тг/жыл.
  6.  21-ші  тұрғын ауданда, № 61 учаскенің маңында радиотехникалық объектіні (ұялы байланыстың таратушы  антеннасын) орналастыру үшін ауданы 0,02 га жер учаскесі, бастапқы бағасы 300000 тг., жалдау 3335 тг/жыл.

Аукционға қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы (минималды) бағасынан 5 пайызды құрайды, бірақ 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек.

Ауыртпалықтар (шектеулер): Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 6 қазандағы № 266 қаулысымен белгіленген су қорғау аймағының аумағында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай шаруашылыққа пайдаланудың арнайы режимін сақтау; инженерлік коммуникациялардың қорғау аймақтарын сақтау және оларды жөндеу мен қызмет көрсету үшін кедергісіз кіру мүмкіндігін беру; бұзылған абаттандыруды толық қалпына келтіру; қаланың инженерлік желілері иелерінің келісу қажеттілігін ескеру, жұмыстарды жүргізу алдында жасыл желектерді кесуге және қайта отырғызуға рұқсат ресімдеу және алу; санитарлық-қорғау аймағын ұйымдастыру жобасын әзірлеу.

 Сауда-саттықтың ағылшын тәсілі бойынша аукцион өткізу шарттары:

аукционшы объектінің бастапқы бағасын және бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда-саттыққа қатысушылардың нөмірді көтеруі бастапқы бағаны өсіреді, бірақ ол хабарланған қадамнан кем болмауы керек. Аукционшы объект бойынша аукционға қатысушылардың аукциондық нөмірлерін хабарлайды, бағаны бекітеді және оны өсіруді ұсынады. Аукционшы объект үшін неғұрлым жоғары баға ұсынған қатысушыны хабарлайды да, объектінің соңғы бағасын үш рет қайталайды және басқа көтерілген нөмірлер болмаған кезде балға соғу арқылы аталған объектінің сатылғаны туралы хабарлайды. Егер объект бойынша сауда-саттықта қатысушылардың саны екіден кем болмаса, сауда-саттық өткізілді деп есептеледі.

Жер учаскелерін сату шарттары: нысаналы мақсатына сәйкес пайдалану, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-94-баптарының нормаларына сәйкес пайдалану, объектіні жобалау үшін сәулеттік-жайғастыру тапсырмасын алу, жер салығын уақытылы төлеу (жал төлемі).

Сауда-саттықта анықталған учаскенің құны 50 % мөлшерінде аванстық төлем түрінде сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап 5 (бес) банк күнінен кешіктірілмей төленеді, ал қалған сома сатып алу-сату шартына қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей енгізілуі тиіс.

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін аукционға қатысуға өтініш; тұлғасын куәландыратын құжат; кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат ұсынылуы қажет.

Объектіні сатып алу-сату шарты, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне меншік немесе жалдау құқығын беру туралы шешімі (ол аукцион аяқталған соң екі жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады) қабылданған күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде жасалады.

Аукционды ұтып алған және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу-сату шарты бойынша төленетін төлемдердің есебіне жатады. Кепілдік жарна әр объект бойынша жеке енгізіледі.

Кепілдік жарна «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің депозиттік шотына енгізіледі: БСН 000440004303, БСК ККМFKZ2A, «ҚР ҚМ-нің Қазынашылық комитеті» РММ. Депозит шотының нөмірі: KZ340705034861501006. БК 16, ТМК 171.

Аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап «Өскемен қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Өскемен қаласы, А.Чехов көшесі, 33, № 25 кабинет мекенжайында жүргізіледі және аукцион басталуына 24 (жиырма төрт) сағат қалғанда аяқталады. Қосымша ақпарат пен анықтамалар алу үшін телефон нөмірі: 8 (7232) 26-34-64.